ДИКТОР: Ерекше балаларды қоғамға бейімдеу тақырыбы қашан да өзекті. Осындай ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана үшін кез келген жаңашылдық ауадай қажет екені даусыз. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "Отбасылық психология" тақырыбында ғылыми-білім беру семинары өтті.

РКС: Ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-ананың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру өзекті. Тәрбие,әлеуметтік бейімдеу мен дамыту бағытында оқу-ағарту саласын қолдану маңызды.

СНХ: ГАУХАР КАМЕЛИНОВА-ДӘРІГЕР-РЕАБИЛИТОЛОГ: Балаларды әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау, сөйлеу қабілетінің және аутизм спектрінің бұзылуы бойынша қызметтер ұйымдастыру жоспарланған. Жоба аясында біз отбасылармен жұмыс істейміз. Бұл шараға тек мұғалімдер мен мүдделі ұйымдар ғана емес, отбасылар да қатысуы керек.

РКС: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың маңызы зор, - дейді мамандар. Себебі, олар жеке қолдауды қажет етеді. Бұл ретте олардың ата-аналары көптеген ақпараттан бейхабар екенін айта кету керек.

СНХ: ДМИТРИЙ ЛЕПЕШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: Зерттеу барысында халықтың көп бөлігі осы санаттағы балалардың құқықтарын қорғауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аса хабардар еместігін байқадық. Екінші мәселе, ата-аналардың өздері мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер, қандай артықшылықтар қорғалғаны туралы ақпаратты да біле білмейді. Сондықтан мұндай кездесулер мен форумдар ауадай қажет.

РКС: Қазір елімізде белгілі бір модельдер қалыптасып, инклюзивті білім беру жүйесін құру тәжірибесі жинақталды. Оның дамуындағы қиындықтардың бірі - инклюзивті білім берудің барлық критерийлеріне сәйкес келетін сапалы педагогикалық кадрды даярлау. Жыл сайын бұл мамандықты таңдайтын талапкерлер санының біршама төмендегенін байқауға болады.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ