ДИКТОР: Биыл облыс диқандары жалпы көлемі 5 миллион 300 мың гектар жерге тұқым себуді көздеп отыр. Оның 4 миллион 800 мың гектары дәнді дақыл, 400 мың гектары майлы дақыл, 340 мың гектары мал азығын екпек. Қазір көктегі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр.

РКС: Өткен жылы ауа райының қолайсыздығынан биыл шаруалар үшін тұқым мәселесі өзекті. Өйткені орақ кезінде жауын шашын мол түсіп, диқандар астықты толық жинай алмай қалды.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ; Өңірде тұқым сататын 30 шаруашылық бар. Оларда 30 мың тонна тұқым бар. Азық түлік корпорациясы жағынан 147 мың тонна 3 кластық бидай бар. Резервте тұрған шаруашылық қайсына тұқым жоқ солар алады.

РКС: Қазір көктемгі дала жұмыстарына қажет 536 мың тонна тұқымның 506 мың тоннасы бар. 15 сәуірге қарай тұқым мәселесі толық шешіледі,-дейді жауаптылар. Жанар жағармай мәселесіне келсек, Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағамен 82,5 мың тонна жанар жағармай берілген. Қазір сол жанар жағармайларды 17 оператор шаруаларға жеткізу жұмыстарымен айналысуда.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ; Ауа райына байланысты күн жылынып тез еріп жатыр ғой. Оптимальный срок деген бар. Ол 15 майдан 25 май аралығы. Сол дәнді дақылдарды себуіміз керек. Ертерек те болуы мүмкін, кешірек те болуы мүмкін. Бәрі ауа райына байланысты.

РКС: Биыл дала жұмыстарына 15 мың дана трактор, 16 мыңнан аса сеялка жерге дән сіңіру жұмыстарын атқармақ. Ауыл шауаршылығы саласындағы өзекті мәселенің бірі маман тапшылығы. Нақтырақ айтсақ өңірде агроном, инженер мамандары жетіспейді. Қазіргі таңда кей шаруашылықтар мамандарды өз есебінен оқытуда. Аталған салаға грант бөлу қажеттігі облыс деңгейінде көтерілуде.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ