ДИКТОР: «Аманат» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасындағы жол картасын жүзеге асыру міндеті Ақмола облысында қалай жүзеге асып жатыр? 2023-2027 жылдар аралығында агроөнеркәсіптік кешенінде тұрақты 1700 жаңа жұмыс орнын құру жоспары қалай жүзеге асырылады? Бюджет Кодексі жобасының негізгі ережелері қандай? Жаңа жылда Салық кодексіне енгізілген өзгерістер. «Аманат» партиясы өңірлік филиалы жанындағы кеңесте бұл мәселелер жан-жақты талқыланды.
РКС: «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау халық алдындағы аманат. Жол картасы аясында 2023-2027 жыл аралығында агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты 1700 жаңа жұмыс орнын құру міндеті бекітілді. Биыл 300-ден астамын орындау жоспарда. Ол қалай жүзеге асырылады? Облыс бойынша жол картасы аясында инвестициялық 52 жоба іске қосылмақшы.
СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыстың бірқатар аудандарында орналасқан ірі кәсіпорындарында биыл жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Целиноград, Зеренді аудандарында сүт-тауарлы фермасы қолданысқа берілмек. Жоба жылдың соңында аяқталады деген жоспар бар. Шортанды ауданында ұн үгетін кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын кеңейту көзделіп отыр. Бұл жұмыстар аяқталса, үш ауданда 80-ге жуық жұмыс орын ашылады. Көкшетау мен Қосшы қалаларында асханалық жарма мен жартылай фабрикаттар шығаратын серіктестіктер де 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтымақ.
РКС: Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында көктемгі егіс және күзгі егін орағы кезінде уақытша жұмыспен қамтылады. Былтырдан бері «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынды. Аталған жоба ауыл халқының табысын арттыруды көздейді. Былтыр осы жоба асында 200-ге жуық несие берілді. Нәтижесінде 270-ке жуық жұмыс орны құрылды. Кеңес барысында бюджет және салық кодекстеріне енгізілген жаңашылдықтар туралы да сөз қозғалды. Жаңа Бюджет кодексінде нәтижеге бағытталған бюджет принциптерін күшейтуге бағытталған жаңа бөлім пайда болды. Ол дегеніміз, бюджеттің әр теңгесі нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Оған көшудің тағы бір шарты бюджеттік ақпараттың ашықтығы және халық алдындағы есептілік.
СНХ: ТАЛҒАТ БҮЛТЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бюджеттік саясаттың, мемлекеттік қаржының тұрақтылығын анықтауға уәкілетті орган бекітілді. Бұл бөлім мемлекеттік қаржының жай-күйін талдау және салық-бюджет саясатын айқындау үшін біріңғай база жасайды. Бұл бірінші кезекте бюджеттік ережелер мен олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қарыз алуға қатысты барлық борыштық міндеттемені, мемлекет кепілдік берген борышты, экспортты қолдауға қатысты кепілдіктерді шоғырландыруды қамтамасыз етеді.
РКС: Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Ұлттық қор-балаларға. 1-ші қаңтардан бастап 18-ге толғандарға білім мен баспанаға мемлекет қазысынан 150-160 доллар төленді. Сонымен бірге еліміздегі әр балаға жыл сайын осынша сома төленеді. Бұл табыс салықтан босатылған. Кәсіпкерлердің банктік есепшоттарын бұғаттау салық берешегінің сомасына тең болғанда ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ, салық төлеушілер үшін ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен чектерді сақтау жөніндегі міндеттеме жойылады. Букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мемлекеттік кірістер комитетіне ақпараттық жүйелерді интеграциялау жолымен құмар ойынға және бәс тігуге қатысушылар және олардың ұтыстары туралы мәліметтерді ұсынып отыруы керек. Жалпы декларациялаудың үшінші кезеңінде 4 миллионға жуық адам мәлімет тапсырады. Ал келер жылдан бастап 13 миллион азамат декларация тапсыруы тиіс.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ