ДИКТОР: Соңғы кездері облыс дәрігерлері жүрек-қан тамыры ауруларын емдеу әдістерін дамытып, жетілдіріп жатыр. Аталмыш ауру түрі әлеуметтік маңызға ие, сондықтан, денсаулық сақтау басқармасының қатаң бақылауына алынған.
РКС: Жүрек және тамыр аурулары – патологиялық топқа жатады. Ең көп таралған түрі: ишемиялық ауру, ми тамырларының және перифериялық артерия аурулары, инсульт, инфаркт, жүрек ақаулары және тағы басқалары.
СНХ: СЕРГЕЙ ЗИБОРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл эволюциялық мәселе және бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша қан айналымы жүйесі аурулары жыл санап артып келеді. Адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жылдам әрекет ету маңызды. Әсіресе, артериалды гипертензия басым. Бір қарағанда, қарапайым қысымның көтерілуі, бірақ, емді дұрыс жүргізбесе, жүрекке ауыртпалық түсіп, айықпас дертке шалдығуға болады. Сондықтан, осындай өкішінті жағдайларға тап болмас үшін әр адам өз денсаулығына қарап, тексерістерден уақытылы өтіп, қандай да бір шағымдары болса, дәрігерлерге хабарлау керек.
РКС: Мемлекет тегін дәрі-дәрмекке қажетті қаражатты да бөліп отыр. Дегенмен, тұрғындардың өз денсаулықтарына салғырт қарайтындары соншалық, осы мүмкіндікті де пайдалана қоймайды. Жүрек-қан тамырларын емдеу кезінде ең маңыздысы диагностика екенін де ескерген жөн. Қазіргі технологиялар нақты диагноз қоюмен ғана шектелмейді. Осы күні пациентті тексеру барысында ағзасындағы қандай да бір ауытқуларды ерте анықтау мүмкіндігі бар.
ИНТЕРШУМ
СНХ: МАХАМБЕТ САБЫРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз ең соңғы үлгідегі технологияны қолданамыз. Бұл жүрек және жүрек тамырларын компьютерлік томографиядан өткізу. Бұл әдіс басқаларынан ерекше. Ультра-дыбыстық зерттеуге қарағанда жақсырақ. Осы әдіс арқылы бірден төрт түрлі тексеріс өткізуге болады. Яғни, жүрек анатомиясын қараймыз. Егер қандай да бір тамырда ишемия бар болса, оны да осы аппарат арқылы көруге болады.
РКС: Былтыр 7 мыңнан астам ақмолалық жүрек ауруынан айыққан. Оның 156-сы бала. Кардиохирургия бойынша 400-ден аса науқас ем қабылдап, оның жартсынан көбіне ота жасалыпты. Айта кететйік, жүрекке жасалатын ота құны 1,5 миллион теңгеден басталады. Бірақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бұл оталар тегін жасалады.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ