ДИКТОР: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда. Ел аумағында 20-шы сәуірден бері "Жасыл аймақ" атауымен науқанның 3-ші апталығы өтіп жатыр. Ақмола облысында 175 гектарды алып жатқан 13 орман шаруашылығы бар. Соның бірі - "Бұқпа" орман шаруашылығы.

РКС: "Таза Қазақстан" акциясы аясында 100-ден астам волонтер мен студент 8 мыңға жуық ағаш көшеттерін екті. Жалпы, өңірде жыл сайын 10 миллион көшет отырғызылады.

СНХ: БОЛАТ ТОҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2023 жылы 2410 гектарда 12 миллион 70 мың ағаш өткен жылы отырғызылды. Планды 105 процентке жасадық. Осы 2024 жылы 13,5 миллион ағаш отырғызу жоспар тұр.

РКС: Акцияға қатысушылар отырғызылған көшеттер тамыр жайып, жасыл аймақ көркейе түседі деген ниет білдірді. Ал, волонтерлер алдағы уақытта ағаштарды суару жұмыстарына қатысып, қол ұшын созуға дайын.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Көкшетау қаламыздың жан-жағына ағаш отырғызып, экологияға өзіміздің пайдамызды тигіземіз деген ойдамыз. Алдағы уақытта, бізден көмек сұрап жатса, қажеттілік болып жатса дайынбыз.

СНХ: БЕКСҰЛТАН САТҚАНБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Табиғатты қолға алу керек. Экологияны жақсарту керек. Енді ағаш оттегі береді дейді ғой. Ағаш отырғызу жұмыстарымен айналасу керек. Осындай акцияларға белсенді қатысуға тырысамыз.

РКС: Көшеттерді алдағы уақытта облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері күтіп-баптайды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ