ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Аймақ басшысының алдына келгендер негізінен тұрғын үй, жер алу сұрақтарын ортаға салды. Сонымен қатар, өздері тұрып жатқан елді мекендегі әлеуметтік нысандарды, жолдарды жөндеу сынды қоғамдық мәселелермен келгендер де болды.

РКС: Марат Ахметжановтың қабылдауына келгендерің бірі Тоқай отбасы. Ерлі-зайыптылар жетім және мемлекеттік қызметкер ретінде 2016-жылдан бері баспанаға кезекте тұр. Бүгінде өздерінің екі баласы бар. Жас отбасының мәселесімен танысқан Марат Ахметжанов баспаналы болудың бірнеше жолдарын түсіндіріп берді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 29 пәтер сатып аламыз. Олар әлеуметтік осал топқа жататын мүмкіндігі шектеулі, жетім және көпбалалы отбасыларға беріледі. Бұл санат бойынша, қазіргі таңда, 860 адам кезекте тұр. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін азайтуға тырысамыз.

РКС: Қабылдауға келген Красный яр тұрғындары тұтас ауылдың мәселелерін арқалап келген. Олар орталықтандырылған жылу, кәріз жүйесін, денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу сынды сұрақтарды ортаға салды. Сонымен қатар, ауылдық ауруханада жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарында заң бұзушылық бар,-дейді тұрғындар. Қараша халықтың атынан келгендердің бірі Базарбай Әбуов жөндеуге жауапты «Rakada group» серіктестігінің жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізді. Жөндеу жұмыстарын бақылаушы ретінде өрескел заңбұзушылықтардың орын алғанын байқаған.

СНХ: БАЗАРБАЙ ӘБУОВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 12-наурызда ол объект берілу керек еді, міне 12-сәуір болды, 12-мамырда да ол обхект дайын болмайды неге десеңіз әлі 50 процент жұмыстың істелген жоқ. Содан кейін олардың бар ойы ақша алу. Істелмеген жұмыстарына акт жасап, директорға қол қойғызғысы келген. Сондай мәселелер бар. Красный яр кісілері жұмыс істеді. Оларға дұрыс жалақы төлемеген. Сондай моменттер көп.

РКС: Марат Ахметжанов жауапты мамандарға келесі апта жөндеу жұмыстарын тексеріп, бұл мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды. Қабылдауға түрлі мәселелерін айтып, көмек сұрай келгендердің арасында облыс әкімінің жұмысына ризашылықтарын білдіргендер де болды. Солардың бірі қала тұрғыны Любовь Краковецкая. Өзіне тиесілі жер телімінен заңсыз айырылып қалған азаматша 1 ай бұрын облыс әкімінің қабылдауында болған. Бүгінде оның мәселесін тиісті орган өкілдері қолға алып, оң шешімін табуына септесіп жатыр.

СНХ: ЛЮБОВЬ КРАКОВЕЦКАЯ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің сұрағым жер дауына қатысты болатын. Көршілерім маған тиесілі жерді заңсыз иемденіп алған. Бірнеше жыл бойы мен өзімнің құқығымды қорғай алмай келдім. Бірақ, Марат Мұратұлының арқасында мені тиісті орган өкілдері қабылдады. Жақын арада менің мәселем оң шешімін табуы тиіс. Облыс әкімі осылай деді.

РКС: Облыс әкімінің қабылдауында оннан аса азамат болды. Көбі баспана, жер телімін алу сынды мәселелерді арқалап келген. Барлығының сұрақтарымен егжей-тегжейлі танысқан облыс әкімі жауапты ведомства өкілдеріне бірнеше міндеттер жүктеді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ