ДИКТОР: Ақмола облысының аумағында былтырдан бері дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың көрсеткіші біршама артқан. 300 мыңнан астам адам тартылды. Аймақта салауатты өмір салтын насихаттау мен дәріптеу мақсатында өткен жылы 1 мыңнан астам шара ұйымдастырылды. Халықты спортқа тарту үшін барынша жағдай жасалуда.

РКС: Облыс бойынша балалар мен жасөспірімдерді спорттық мектептер мен клубтардағы секцияларға тарту ісі біршама ұлғайған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 25 мыңға жетті. Спорттық мектептерде спорттың 60-тан астам түрі бар, соның 30-дайы олимпиадалық.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Облыста спорт резервін даярлау бойынша жұмысты 29 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. 4-і олимпиадалық резерв мәртебесіне ие, 10 – ы мамандандырылған жасөспірімшдер мектебі, 15-і балалар жасөспірімдер мектебі. Олимпиадалық резервті даярлау орталығы, олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі Степногорк қаласында, жоғары спорт шеберлігі мектебі, 4 кәсіби клуб және дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған клуб жүзеге асырылды. Бүгінгі күні осы ұйымдар жұмыс жасап жатыр.

РКС: Спорт инфрақұрылымының құрылысы белсенді жүргізілуде. Былтыр Красный Яр, Бестөбе елдімекендерінде, Степногорск пен Қосшы, Есіл қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Сонымен қатар Степногорскіде хоккей корты, Бестөбеде ашық спорт кешені, Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысы қолға алынды.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Бурабай ауданының Мәдениет ауылында, Жақсыда, Целиноград ауданының Родина елдімекенінде, Қорғалжын ауылында спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

РКС: Бұдан бөлек, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 13 ауданда 62 спорттық алаң жасақталды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен шұғылдануға тарту жұмысы жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 500 адамға көбейген.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.