ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдарын дамытудың 2024 жылға арналған Жол картасы бекітілді. Соның бірі – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жаңа өндіріс орындарының құрылуы және өндіріс түрлерінің ұлғаюы. Бүгінде елімізде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқандардың саны 30 мыңнан асады. Сотталғандарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін шағын және орта бизнес өкілдері тартылуда. Осы мақсатта Ақмола облысында «Ашық есік» күні ұйымдастырылуда.

РКС: «Ашық есік» күні аясында колонияға бизнес өкілдері жиналды. Мұнда өндірісін енді ашып жатқан кәсіпкерлермен қатар, сотталғандарды жұмыспен қамтып жатқан бизнес өкілдері бар. Мекемедегі шеберханалардың бірі «Аңсар» жеке кәсіпкерлігі. Мұнда 35 бас бостандығынан айырылған адам бөлмеаралық есіктер мен оған қажет өнімдерді жасайды. Заттар тапсырыспен де, облыс дүкендеріне де сатылымға шығарылады. Мекеме басшылығы мұндай ынтымақтастық кәсіпкерлерге де, жазасын өтеушілер үшін де тиімді екенін айтады.

СНХ: СҰЛТАН ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ №7 МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Жол картасының тармағын жүзеге асыру аясында жаңа жұмыс орындарын ашу және сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша шара өткізіп отырмыз. Дөңгелек үстелге 12-ге жуық жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, шағын және орта бизнес өкілдерін шақырдық. Қазір бізде қандай жерлер мен аумақтар бар екенін анық көрсетіп жатырмыз. Олар не өндіре алады? Немесе олардың жаңа жұмыс орындарын ашу туралы идеялары болса тыңдаймыз. Бүгінде бізде еңбекке жарамды 350 сотталған бар. Осы тұлғаларды жұмысқа орналастырғымыз келеді. /

РКС: Бас бостандығынан айырылғандар еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа тұрады. Олар өтемақыларын осы еңбекақы есебінен жаба алады. Олардың күн тәртібіне жұмыс уақыты қосылады. Кәсіпкер Ахан Сахиев мекемеде өз өндірісін осыдан 5 жыл бұрын ашқан. Қазір арнайы тапсырыстарды орындайды. Ол алдағы уақытта жұмысшылар санын 25 адамға жеткізуді жоспарлап отыр.

СНХ: АХАН САХИЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Бізде осында жұмыс істеп жатқанымызға 5-ші жылға кетті. Бізде 13 жазасын өтеуші жұмыс істейді. Сотталған азаматтар осында. Айлықтарын алады. Сосын басқа, уақыт өткізу. Көбінесе, арнайы заказдармен жұмыс істейміз. Астана, Көкшетау, Ақмола облысы. Солтүстік Қазақстан облысы заказдар береді. Біз темір, ағаш бұйымдар жасаймыз. Темір, ағаштан қандай арнайы заказ болды, соны істеп береміз. Құрылыс материалдарынан пескоблок, брусчатка деген сияқты, поребрик. Сондай жасап шығаруға тырысып жатырмыз.

РЗК: Сондай-ақ мұнда тігін шеберханасы да бар. Онда төсек-орын, жұмыс киімдері және аңшылық костюмдер тігіледі. Сондай-ақ сотталғандардың киімдері де осында дайындалады. Цех тапсырыс қабылдауға және ынтымақтастыққа дайын. Облыстағы бизнес өкілдеріне арналған «Ашық есік» күні қылмыстық-атқару жүйесінің басқа да мекемелерінде өткізіледі.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.