ДИКТОР: Күні кеше ғана Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аталып өтті. Осыған орай «Кітапқа екінші өмір сыйла» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Оның аясында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшелері Ақкөл ауданының орталықтандырылған кітапханасына түрлі әдебиетті табыстады.

РКС: "Ауыл" партиясының мүшелері Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектеп жанындағы кітапхана мен Еңбек ауылдық үлгілі кітапханасына 400-ден астам кітап сайлады. Айта кетейік, Еңбек ауылдық кітапханасы 1960 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда қазір 17 мыңнан астам кітап қоры бар.

СНХ: МАХАББАТ НҰРМАҒАМБЕТОВА, ЕҢБЕК АУЫЛДЫҚ ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ: Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұсынылған кітаптар үшін "Ауыл" партиясына алғыс айтқым келеді. Бұл кітаптар біздің оқырмандарымыз үшін өте пайдалы болады деген сенімдемін.

РКС: Жалпы, партиялықтар Ақкөл ауданының кітаханаларына 2200-ге жуық кітап табыс етті. Енді әр оқырман өз талғамына қарай түрлі жанрдағы тындыларды таба алады.

СНХ: ДӘУРЕН РАХЫМБЕК, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл жрде бестселлерлар бар. Балаларға арналған ертегілер бар. Жалпы жанрларға бөлдік. Балаларға кітапты беріп қана қоймай, осы жердегі белсенділермізізбен сол кітапты талқылап, оқушыларды барынша кітап оқуға бейімдеуге, болашақта балалар қоғам игілігі үшін, өздерінің ойларын еркін жеткізсе бұл атқарылған жұмысымыздың нәтжесі болады деген ойдамыз. Прездиент Ұлттық құрылтайда «Біз жастарды кітап оқуға, мәдениетті дамыту керекпіз деген.

СНХ: МҰРАТБЕК ӘЛІМБАЕВ, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұрын кітап ең құнды, ең қымбат сыйлық деп саналған. Сондықтан "Ауыл" партиясы акцияны Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырғаны бекерден-бекер емес. Бүгінгі таңда біздің кітапхана жүйесінде кітап қоры 250 мың данадан асады. 8 мыңнан астам оқырмандарымыз бар. Бұл сыйлықтар біз үшін маңызды.

РКС: Акция әлі аяқталған жоқ. Алдағы уақытта «Ауыл» партиясының мүшелері осы бағытта жұмысын жалғастырмақ.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ