ДИКТОР: 5 тонна азық-түлік тиелген көліктер Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. Су тасқынының зардабын тартып отырған көршілес облыс тұрғындарына гуманитарлық көмекті «Көкшетау-Энерго» серіктестігі жіберді. Табиғи апатқа тап болған ағайынға қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетуді серіктестік азматтақы парызы санайды.

ИНТЕРШУМ: жылу жинау жұмыстары

РКС: Электр желілері қызметкерлері бір күндік еңбекақысын аударып, соған қажетті азық-түлік, қажетті жабдықтар сатып алынды.

СНХ: МАНАТ БАЙМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ИНЖЕНЕР-МЕХАНИГІ: Петропавл қаласына жөнелтілетін гуманитарлық көмекті жүк көлігіне артып жатырмыз. Қораптарда ең қажетті заттар, ауыз су да бар. Топан судан зардап шеккендерге көмек көрсетуіміз керек. Біз әрдайым қол ұшын созуға дайынбыз.

РКС: Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Үйлерін су басып, қиын жағдайға түскен отандастарымызға шама-шарқымыз жеткенше көмектесеміз, – дейді серіктестік басшылығы.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Елімізде халықта бұрыннан айтылатын топан су, қызыл су, қарғын су дейміз. Табиғатта зілзала, жер сілкінісі болады. Міне, осындай бір сынақ біздің Қазақстанымызда болып жатыр. 6 облысымызда жағдай ушықты. Көптеген адамдардың жай-күйі, мал-жаны, жиһаздары қалды. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, бірігіп, халық, ел болып, көмектесу әрқайсысымыздың міндетіміз.

РКС: Тілсіз жаудың құрсауында қалғандарға қол ұшын созу мақсатында қайырымдылық шараға серіктестік ұжымы 15 млн. теңге жинапты. Бұл сомаға 15 тоннадан астам азық-түлік, өзге де қажетті заттар алынды. Дәл осындай гуманитарлық көмек алдағы күндері Атбасар мен Жарқайың аудандарына да жөнелтіледі.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ