ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы Баймұқанов көшесіндегі 139-шы үйдің тұрғындары қоқыстың арасында өмір сүріп жатырмыз деп дабыл қағуда. Олар жауапты мекеме уақытылы қоқысты жинамайтынына наразы. Тіпті, өткен сенбілікте көшелерде жиналған қоқыс та әкетілмей, тау болып үйіліп жатыр.

РКС: Тұрғындардың айтуынша, жауапты мекеме үйіліп жатқан қоқысты 1 ай шамасында мүлдем жинамаған. Ал қоқыстан шығатын жағымсыз иістен тіпті пәтердің ішінде отыру мүмкін емес.

СНХ: АБАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жақында ғана қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесін көтеріп едік. Жауапты мекеме қоқысты және өткен сенбіліктен жиналып қалған қоқысты уақытылы шығармады. Сол себепті де, қоқыс таудай үйіліп тұр. Олар бізге сенбіліктен кейін өздерін қоқысты шығарындар дейді. Бұл деген мүмкін емес қой.

РКС: Сала мамандары тұрғындар сенбілік кезінде жиналған қоқысты өз қаражаты есебінен шығаруы тиіс дегенді алға тартып отыр. Қажетті техниканы да өздері шақыруы керек екен. Өйткені бюджеттен оған қаржы бөлінбейді,-дейді. Тұрғындардың басты қателігі сенбілік кезінде жиналған қоқысты арнайы қапшыққа салмай, тастап кеткен.

СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Өткен демалыс күндері облыс орталығында өткен жалпықалалық сенбілік кезінде тұрғындар жинаған қоқыстарының барлығын контейнерлерге тастады. Ал, жауапты мекеме қоқысты шығарып үлгермей жатыр. Сенбілік өткізген кезде біз тұрғындарға қоқыстарды, жапырақтарды қаптарға салсын деп ескертеміз. Сол қоқыс жиналған қаптарды жолдың шетіне шығарып қою қажеттігін айттық. Оны «Зерен плюс» және «Көкше тазалық» серіктестіктері жол бойынан алып кетер еді.

РКС: Тұрғындар тау болып үйілген қоқыс соңғы бір ай көлемінде әкетілмегенін айтады. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары барлық жұмыс уақытылы атқарылып отырғанын мәлімдеді. Жоғарыда аталған тұрғын үйдің мәселесіне келсек, жауапты сала тарапынан көмек көрсетіледі. Жақын арада аталған аумақты тазарту жұмысы жүргізіледі.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ