ДИКТОР: Өнерде шектеу жоқ! Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында байқау өтті. Оған 40-қа жуық ұл-қыз 3 номинация бойынша өз өнерлерін паш етті.

РКС: Түрлі заттан жасалған бұйымдар. Әрқайсысы өзіні жасалуы бойынша ерекше, көздің жауын алады. Бұл – мүмкіндігі шектеулі балалардың байқауға әкелген заттары. Арасында суреттер де бар. 7 жасар Айсана Марат сурет салғанды жақсы көреді. Сондықтан, «Сурет байқауы» номинациясы бойынша қатысуда.

СНХ: АЙЫМ БАЙБОСЫНОВА, АЙСАНАНЫҢ АНАСЫ: Бұл суретті Айсана өзі барып жүрген орталықта, жетекшісімен бірге жасады. Бір апта бойы дайндалған. Бұған дейін тек қарындаш, фломастерлермен сурет салатын. Енді қиып-кесуді үйрендік.

РКС: Біреуі қазылар алқасын қолөнер бұйымымен таң қалдырамын десе, енді бірі ән-бимен немесе көркемсөз оқумен баураймын деп келіпті. Барлығы бірдей өнерге ғашық. Мұны олардың көздеріндегі жалыннан-ақ байқауға болады.

ИНТЕРШУМ: көркемсөз оқудан үзінді

РКС: Байқау 3 номинациядан тұрады. Атап айтсақ, сурет, қолөнер бұйымдары мен шығармашылық. Барлығы 40-қа жуық ұл-қыз қатысты. Айта кетейік, конкурс Болашақ сарайы мамандарының демеушілермен бірлесіп ұйымдастырылған. Басты мақсат – өнерде ешқандай шектеу жоқ екенін көрсету.

СНХ: САМАЛ ҚАБДОШЕВА, «BOLASHAQ SARAIY» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: «Болашақ сарайына» жалпы білім беретін мектептерден жас ерекшелігіне сәйкес 76 оқушы келеді. Оларға дефектолог, педагогикалық-психологиялық қолдау, логопед мамандар жұмыс атқарады. Олар айти, спорт, шығармашылық үйірмелерге қатысып, өз мүмкіндіктерін теңдей, бірге өздерін шыңдай, жетілдіру үстінде.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша сурет номинациясында Жәнел Әбілдина 1-ші орынға ие болды. Қолөнер бұйымымен Нұртас Арап жүлделі орынды еншіледі, ал шығармашылық сында Василиса Черненко үздік деп танылды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ