ДИКТОР: Облыста ветеринария мамандары тапшы. Тіпті, кейбір елді мекендерде бірде бір мал дәрігері жоқ. Ал, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында соңғы 10 жылда облыс бойынша, небәрі, 23 маман ауылды жерлерге жұмысқа орналасқан. Әрине, көрсеткішке көңіл толмайды. Бұл туралы төртінші билік өкілдеріне облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ағыбай Сыздықов мәлімдеді.

РКС: Бірнеше ауданның ветеринарлық мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі төмен. Айталық, Бұланды ауданы, небәрі, 50 процентке, Степногорск қаласы мен Жақсы ауданы – 65 процентке, Жарқайың, Астрахан аудандары - 67 ал, Целиноград-68 процентке ғана қамтылған. Жастардың бұл мамандықты таңдамауларының бір себебі, әрине, жалақының аздығы. Тапқаны қапқанына жетпейтін болса, екінің бірі тәуекелге бел буып ауылды жерге бара қоймасы анық. Сондықтан, ветеринария басқармасы мамандық иелерінің жалақыларын көбейтуді көздейді.

СНХ: АҒЫБАЙ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН: 2025-2027 жылға біз 1,8 миллиард теңге республикаға бюджетный заявка жібердік. Оны республика қабылдап алды бізден. Біз мына ветврачтарға ауылдағы именно ауылда істейтін ветврачтарға осы 230 мың дедік қой орташа жалақы соның үстіне 35 пайыз тағы да қосуға, субсидия жасауға республикалық бюджеттан алып беруді жоспарлап отырмыз. Осының бәрі іске асса және жаңағы техникаларды кішкене жаңартсақ, біз ойлаймыз жастарды тартамыз деп.

РКС: Ветеринария саласында жастар жоқтың қасы. Осы күндері еңбек етіп жүргендердің орташа жасы 55. Алдағы 5-10 жылда мүлдем кадрсыз қалмау үшін оларды даярлау мәселесіне көптеп көңіл бөлу керек. Облысымызда бір ғана мамандандырылған Қатаркөл ауылшаруашылық колледжі бар. Ол жерде тек орта арнайы білім беріледі. Колледж статусын жоғарылату сұрағы өзекті болғанымен, әзірге оң шешімін таппай тұр. Ал, әзірге, ветенинария басқармасы бірнеше ауылға 1 мал дәрігерін бекітуге мәжбүр.

СНХ: АҒЫБАЙ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 2-3 ауылға бір ветеринар маманды біз белгіледік. Автомашиналары бар. Нива ескі болса да. Соны жөндеп, біз оны қатаң бақылауға алып отырмыз. Жөндеп, сол маман барып қанын алады, уколдарын істид, жоспарлы бүкіл жұмыстарын жасайды. Енді біз міне «Дипломмен-ауылға» бағдарламаны Астрахан, Бұланды аудандарына кіргізіп жатырмыз. 23 адамды осы бағдарламамен тарттық. Ол бірақ аз. Жастардың көбі шындығын айту керек. Таза жұмыс істегісі келеді. Қорада жүргілері келмейді. Біз енді шындығына келгенде үгіттейміз.

РКС: Осы жылы ветеринария саласына қажетті автокөліктер мен планшеттерді сатып алуға облыстық бюджеттен 264 миллион 507 мың теңге бөлінген. Бірақ, бұл қаражат жеткіліксіз. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін әлі 3,6 миллиард теңге керек. Қажетті қаражат малдардың қауіпті ауруларына қарсы әрекет етуге, облыс тұрғындарына сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуге және елді мекендерге жас мамандарды тартуға септесер еді,-дейді мамандар.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ