ДИКТОР: 21 сәуірден Еуропалық иммундау апталығы басталды. Мақсаты – халықты арнайы профилактикалық жолмен алдын алуға болатын аурулардан қорғануды түсіндіру. Пандемия кезінде әлем бойынша екпеге сенімдік көбейді. Ол ең алдымен жалған ақпараттардың таралуымен байланысты болды,-деп атап өтті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Салдарынан, 2019-2021 жылдар аралығында әлем бойынша 67 миллионға жуық бала жоспарлы иммундаудан өткен жоқ.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ бастамасымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіліп келеді. Бұрын тек Еуропа елдері қамтылған. Енді барлық елдерде өткізіліп келеді. Биылиммундау апталығының ұраны – «Өткен, қазіргі және болашақ ұрпақты қорғау». Апталық 27 сәуірге дейін жалғасады. Оның аясында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қазір тұрғындардың вакцина арқылы түрлі инфекциялардың адын алуға болатынын білуі маңызды. Сондай-ақ, қарсы көрсеткіштер жайлы да айталады. Уақытша және тұрақты қарсы көрсеткіштер түсіндіріледі. Аналар мен жүкті әйелдермен де жұмыс жасалады.