ДИКТОР: Облыстың түкпір-түкпірінен колледждерде арнайы пәндерден сабақ беретін 18 оқытушы жиналды. Мақсат – салалық қызметтегі үздіктерді анықтау. "WorldSkills" байқауы аясында оқытушылар "аспаздық іс" пен "ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсетуді жөндеу" бағытында өзара мықтыны анықтайды. Екі күн бойы өз дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді.

РЗК: Облыстық байқаудың бір ерекшелігі - қатысушы өз сарапшысымен келеді. Ал сарапшының өзі басқа қатысушыларды бағалайды екен. Конкурс ережесі бойынша, педагогтерге 6 сағат уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар 5 модульді орындау қажет. Бағалаудың арнайы критерийлері бар. Өнімнің сыртқы түріне, гигиенасына, санитариясы, салмағы мен дәміне қарайды. Мәселен, нан өнімі ертең ғана бағаланады.

СНХ: СВЕТЛАНА ГОЛУБЕВА, НАН ПІСІРУ БОЙЫНША БАС САРАПШЫ: Бірінші модуль қатысушылары бәліштің түр-түрін пісіреді. Кейін хал тоқу модулі болады. Оны жеребе тартумен анықтадық. 5 бұрау тұсті. Үшінші кезеңде қара бидай наны. Ертең өнер сыныбы болады. Мұнда ең қиын тапсырма. Яғни, карнавар тақырыбындағы арт-сыныбы. Олар наннан мүсін жасау керек.

РКС: Конкурста 22 бағалаушы бар. Атап айтқанда, сарапшылар, тәуелсіз және бас сарапшылар. Оқытушылар электронды форматта белгіленген критерийлер бойынша модульдерді орындайды.

СНХ: БАУЫРЖАН НҰРМАҒАМБЕТОВ, АСТЫҚ ЖИНАУ ТЕХНИКАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ: "WorldSkills" байқауына келдім. Қазір мұнда колледждерден 9 қатысушы бар. Мықтыны анықтаудамыз. Басты мақсат - арнайы пәндер оқытушылары арасындағы шеберлік, тәжірибесімен бөлісу, өзінің кәсіби қызметтін арттыр.

РКС: Байқаудың тағы бір артықшылығы – оған қатысқандар педагогтарды аттестаттау кезінде ескеріледі. Мұндай шара оқытушылардың дағдыларын кқрсетуге, қарым-қатынас және кәсіби өсуге мүмкіндік береді. Үздік деп танылғандар республикалық деңгейде облыс намысын қорғайды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ