ДИКТОР: Степногорск қаласындағы Заводской кентінде орналасқан «Сантик» серістестігінің аумағындағы қойма өртенді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 500 шаршы метрден астам.

ДИКТОР+ВИДЕО: Тілсіз жаудың кесірінен 600 литр пайдаланылған май мен осында таза мотор майы, жеңіл 3 көлік жанып кетті. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Абырой болғанда зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметінің 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Сонымен бірге мемлекеттік емес өрт қызметінен 24 адам мен 6 техника көмекке келді.

СНХ: ЕРЖАН ҚАППАСОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Дәл қазір жеке құрамның 36 құтқарушысы мен 8 арнайы техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрттің тұрғын үй секторына таралуына жол бермеу бағытында нақты іске көшу туралы шешім қабылданды.