ДИКТОР: Көкшетаудағы №11 мектеп – гимназиясында қалалық әкелер форумы өтті. Кездесуге аталмыш білім ошағының оқушылары және басқа да оқу орныдарындағы «Әкелер клубының» мүшелері қатысты. Сонымен қатар, облыс орталығындағы 26 мектептің педагогтары және қоғамдық мекемелердің өкілдері шақыртылды.

РКС: №11 мектеп – гимназиясында «Әкелер клубы» осы жылы құрылған. Оған белсенді өмірлік ұстанымы бар 20 ата-ана мүшелік етеді. Олар өздерінің балаларына оқу-тәрбие бағытында айтарлықтай қолдау білдіреді.

СНХ: БОТАГӨЗ ҚҰСАҚАЕВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қалалық форум өткізудегі мақсатымыз мектебіміздегі әкелер кеңесінің қызметін көрсету. Осы жылы біршама жұмыс атқарылды. Биылға жоспарланған барлық іс-шараларда белсенділік танытқан әр ата-анаға зор алғыс білдіреміз. Балалар кинологиялық қызмет орталығына, әкелерімен балық аулауға, футбол, хоккей тамашалуға барып, көңілді спорттық ойындарға қатысты. Мұндай шаралар балаларға оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

РКС: Форум аясында балалар ата-аналарына ризашылықтарын білдірді. Мектеп оқушылары алғыстарын ерекше әдіспен жеткізіп, ән шырқап, аспаптарда ойнады.

ИНТЕРШУМ: балалар ән орындайды

РКС: Мұнымен қатар, белсенді ата-аналарға «Құрметті әке» грамоталары табысталды. №11 мектеп – гимназиясының мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің еңбектері де ескерусіз қалмады.

СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, «ӘКЕЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әкелер институтының деңгейін көтеру мақсатында әкелерге арналған тренингтер ұйымдастырамыз. Қазіргі таңда ұлға болсын, қызға болсын, жалпы, балаларға әкенің тәрбиесі жетіспейді. Өйткені, мектептерде көбіне әйел адамдар қызмет етеді. Республикалық форумдар да ұйымдастырамыз. Өткен жылдың желтоқсанында 8-ші республикалық форум өткен болатын.

РКС: Айта кетейік, қазіргі таңда «Әкелер клубы» өңірдің 60 мектебінде бар.

 ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ