ДИКТОР: Өткен демалыс күндері облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтті. Оған мемлекеттік мекемелер, бизнес өкілдері, волонтерлар, студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Тазалық іс шарасына 4 мыңнан аса адам жиналып, қаланың бірқатар аудандары күл-қоқыстан тазартылды.

РКС: Облыс орталығының аумағы 220 шағын учаскеге бөлініп, мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге, волонтерларға, студенттерге бекітілді. Облыс орталығының тазалығын сақтауға қалалық мемлекеттік қызметтер де жұмылдырылды.

СНХ: ЕРМЕК ТҰШАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Таза Қазақстан» акциясы аясында Көкшетау қаласын абаттандыру аясында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 27 қызметкермен бекітілген аумаққа шықтық. Ағаштарды, жасыл алқаптарды, жиектерді әктеу, осы аумақтағы арамшөптерді жою жұмыстарын жүргіздік.

РКС: Сенбілік барысында көшелер, тротуарлар және аулалар қоқыстан тазартылды. Коммуналдық қызметтер мемлекеттік және бюджеттік мекемелерге әктеу үшін қажет 1000-ға жуық қап әк таратты.

СНХ: ОМАР БЕКИН, "ФЕНИКС" ВОЛОНТЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Кеше бізді жастар ресурстық орталығы қалалық сенбілікке шақырды. Әрине, біз барлық жастарды, волонтерларды шақырдық. Қазіргі уақытта сенбілікке біздің ұйымнан 15-тен аса адам қатысуда. Біз бұл аллеяны әртүрлі колледждердің студенттерімен бірге тазаладық. Құрылыс-техникалық, медициналық, жоғары техникалық колледждер атсалысуда. Олармен бірге біз қаламыздың көшелерін тазартудамыз.

РКС: Жалпықалалық сенбілік күні барлық қоқыс коммуналдық қызметтермен «ЭКО-DUMP» мекемесі ұсынған қоқыс алаңына тегін тасымалданды. Барлығы 40 техника жұмыс істеп, олар 21 контейнер алаңын тазартты. Қоқыс шығарумен айналысатын мекеме техникалары полигонға 190 рет қатынаған. Жалпықалалық сенбілік аяқталғаннан кейін 7600 құрғақ жапырақ пен қоқыс салынған қаптар шығарылды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ