ДИКТОР: Көкшетауда прокуратура күніне арналған салтанаты шара өтті. Өңір прокурорлары мен ардагерлерін мерекемен құттықтаған облыс әкімі Марат Ахметжанов аталған сала қызметкерлеріне арнап 6 пәтер берді. Өңіріміздегі қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресте үлгілі қызметі үшін бірқатар прокурорлар марапатталды.

РКС: Облыс прокурорлары мен ардагерлерін арнайы құттықтауға келген облыс әкімі Марат Ахметжанов еліміздің дамуы мен өркендеу жолындағы прокуратура қызметінің маңыздылығы тоқталды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда прокуратура Конституцияда өзінің орнын тапты. Қзаіргі таңда прокуратура ең жоғарғы қадағалауды жасайтын орын болып табылады. Сондықтан прокурорға артқан үлкен жауапкершілік бар, үлкен міндеттеме бар. Сондықтан сіздерді прокуратруа күнімен құттықтаймын. Сіздердің жасап жатқан еңбектеріңізді еліміз көрсін.

РКС: Қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресте үлгілі қызметі үшін еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық хаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жыл мерейтойына арналған құрмет белгісімен 10-нан аса лауазымды қызметкер марапатталды. Еңбекте үздік деп танылған тағы бір топ прокурорға облыс әкімінің алғыс хаты, бір прокурорға "Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісі табысталды. 3 прокурор "Аға әділет кеңесшісі" сыныптық шенін иеленді. "Прокуратура үздігі" төсбелгісімен 3 адам, Бас Прокуратураның "Құрмет грамотасы" және "Алғыс" хатымен 5 прокурор марапатталды.

СНХ: РУФАТ ҚҰТТЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Прокуратура әрқашан тәртіптің, әділеттіктің символы болып қала береді. Тәуелсіздік алғанна бері толғай табыстардың барлығы да прокуратура өз үлесін қосты. Барлығымызға мәліп Президенттің бастамасымен "Прокуратура туралы" Заң қабылданды. Прокуратура мәртебесі жаңа сатыға көтерілді.

РКС: Салтанатты шарада көп жылдар бойы жинаған тәжірбиесі мен білімін жас ұрпаққа өнеге етіп келе жатқан ардагерлер, құқықтық мәдениетті нығайтқаны үшін өңіріміздің бірқатар қоғам қайраткерлері мен журналистері де облыс прокурорының грамотасын алды. Құқықтық қорғау академиясында кәсіптік даярлауды аяқтаған 10 түлек бос лауазымдарға тағайындалып, ант қабылдады. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ