ДИКТОР: Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімдердің еңбегі орасан. Сондықтан, қызығы мен шыжығы мол осы бір мамандық иелері қашанда құрметке лайық. Мұғалімдер күніне орай, Көкшетауда ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілді. Олар Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мерейтойлық іс-шараға білім ошағының бұрынғы басшылары мен ардагер ұстаздар көптеп жиналды. Олардың қатарында 50 жылдық еңбек өтілімі бар Болат Қожахметов те бар. Ол дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
СНХ: БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, АРДАГЕР ҰСТАЗ: Ұстаздық жолды таңдауымның бірден-бір себебі әкем болды. Ол да осы ұстаздық жолдан 45 жыл еңбек етті. Соңы көріп менде 8-ші сыныптан кейін Щучинск қаласынан педогогикалық колледжге оқуға түстім. Оны аяқтап, 1994 жылы алғашқы еңбек жолымды Ленинград ауданынан бастадым. Содан бері міне биыл еңбек өтілім 50 жылға жетті. Өзімнің әріптестерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын!
РКС: Ал, Жадыра Махметова оқушы кезінен қазақ тілі және әдебиет пәнін жақсы көрген. Әдебиетке деген махаббатының арқасында 8 жыл №2 Красный Яр орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет істейді.
СНХ: ЖАДЫРА МАХМЕТОВА, №2 КРАСНЫЙ ЯР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Әдебиетті сүю, мен ойлаймын өнерді сүюмен бірдей. Мүлде бірде-бір секунд өкініп көрген емеспін. Өз мамандығым өзіме ұнайды. Бүгінгі міне мерекемізде жетістіктеріміздің арқасында жеткен үшін марапатталып отырмыз. Төл мерекемізді өз әріптестіріме шығармашылық табыс тілеймін. Молшылық тілеймін. Еліміз аман болсын!
РКС: Қалалық білім бөлімі ұстаздарды төл мерекемен құттықтап, ақшалай сертификат табыстады. Сонымен қатар, эстрада жұлдызы, әнші-композитор Ұлықпан Жолдасовты шақырып, ұлағатты ұстаздарға тосын сый жасады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ