ДИКТОР: Целиноград ауданының тұрғыны жұмыс орнында алған жарақат салдарынан көз жұмды. Белгілі болғанындай 34 жастағы азамат инженерлік құрылғылар өндірісімен айналысатын жергілікті өнеркәсіптердің бірінде еңбек еткен. Құбыр желілерін монтаждау кезінде диаметрі 280 сантиметр, ұзындығы 13 метр болатын құбыр жұмысшының басына құлап, мертіктірген. Жедел түрде Астананың ауруханасына жеткізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: Бұл жағдай бойынша Целиноград ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-шы бабының 3-ші бөлігіне сәйкес «Адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек иснпекторы тергеу жүргізіп жатыр.