ДИКТОР: Елімізде мектеп түлектерінің жаңа өмідің үлкен сатысына қадам басар баспалдақтың алғашқы сатысы - Ұлттық Бірыңғай Тестілеу. Сынақ әдетте қаңтар айында басталады. Биыл облыста 5 мыңнан астам түлек тестілеуден өтпек. Олардың 300-ге жуығы «Алтын белгіге» үміткер.
РКС: Ұлттық Бірыңғай тестілеудің ақылы түрдегі алғашқысы биыл 18 қантар мен 10 ақпан аралығында өткізілмекші. Жоғары оқу орнына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдану үшін тапсыратын сынаққа өтініш өткен жылдың желтоқсан айынан басталды. Сондай-ақ, білім басқармасы мамандарының айтуынша, биыл шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлерге тағы бір міндетті пән, яғни математикалық сауаттылық қосылады.
СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл түлектер ҰБТ-ны 5 пән бойынша тапсырады. Биылғы жылғы өзгерістерге сұрақтардың санына қатысты болды. Қазақстан тарихы бойынша 20 сұрақ, оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша 10 сұрақты құрайды, сұрақтардың басым бөлігі бейіндік паәндерге берілді, ал таңдау пәндеріне максималды 40 сұрақ беріледі. Тестілеуге берілген уақыт саны да шектелді, енді түлектер 3,5 сағатта ҰБТ-ны тапсырулары керек.Ұлттық тестілеу орталығы басқа да білім беру орталықтарымен бірігіп ютуб каналында әр жұма сайын онлайн сабақтар жүргізеді. Сонымен қатар түлектерге байқау сынақтарының ақылы және тегін түрлері қарастырылған. Оқушыларға қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндерінен «Тарихи 100 дата» деген тізім беріледі.
РКС: Қазіргі таңда облыс бойынша 5 мыңға жуық түлек болатын болса, оның ішінде 1200-ге жуығы облыс орталығынан. Жалпы, түлектер үшін басты сынақ Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық қалай жүріп жатыр?
СНХ: АРМАН ӘБІЛҚАДЫРОВ, С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ 18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қазір балалар бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік алды. Соның алғашқысы міне қантар айынд басталады. Жалпы мектеп түлектеріне өз қалаған оқу орнына түсуге бірәз көмектесеміз. Бізде қосымша сабақтар бар, соңғы жылдары бізде дайындықтар компютер форматында өтіп жатыр. Біз қосымша сабақтардан бөлек, дайын тест тапсырмалары бойынша дайындалып жатымыз, және тест плотформасынында балалар ай сайын тест тапсырмасын тапсыруда. Осы тест қорытындысы мұғалімгеде, балаға да беріледі. Сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз. ҰБТ-ға дайындалудың ең тиімді тәсілі тақырыптар бойынша дайындалу, 4-5 тақырыптар бойынша дайындалып, сол бойынша тақырыптық тесттер алып, дайындалып жатырмыз. Көптеген интернет желісіндегі сайттарда тест тапсырудамыз.
РКС: Кез келген талапкер Ұлттық Біріңғай Тестілеу сынағынан өтеді. Түлектердің бірі міндетті пәндерден озық болса, енді біреуі бейінді пәндерде алға шығады.
СНХ: ӘДИЯ АЙМҰСАЕВА, С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ 18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Жалпы мен болашақта ағылшын мұғалімі болуды армандаймын. Ұлттық Бірыңғай тестілеуде ағылшын және дүние жүзі тарихы пәндерін тандадым. Жалпы мен өз дайындығымды 8 сыныптан бастадым. Интертетте түрлі конспектерді жаттадым. Қазір 11 сыныпта мектепте математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы бойынша дайындық сабақтары қосылды. Айына бір рет сынақ емтихандарын тапсырудамыз. Менің ең бірінші тапсырғандағы ұпайым 75 балл болды, ал ең соңғысы 121 балл болды. Мұғалімдер тест тапсырмаларын беріп дайындауда. Ешқандай курстарсыз.
РКС: Қазір интернет желісі арқылы тестілеуге дайындалудың көптеген тәсілі бар. Солардың бірі онлайн тестілеу сынақтары, білім ленд, Юстади сынды сайттар. Осы арқылы әр оқушы өзінің білімін шыңдай алады.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ