ДИКТОР: "Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы" пилоттық жобасы аясында өңірде алғашқы дрон іске қосылды. Жаңа жүйе мектептер мен жолдардың құрылысына мониторинг жүргізуге, жылу желілерінің жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтауға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмысының сапасын арттыруға қолайлы болмақ.

РКС: Пилотсыз ұшу аппараты Көкшетауда сынақтан өткізілді. Дрон су тасқыны қаупі бар кезеңде Қылшақты өзені деңгейінің жай-күйін бақылайды. Сонымен қатар контейнерлік алаңдардың тазалығын бақылайды. Қазір жоба жоспарлы режимде іске асырылуда. Қауіпсіздік жүйелерін тестілеу және пысықтау жалғасуда. Сонымен қатар бейінді ведомстволармен өзара іс-әрекет ету барысы да нақтыланып жатыр.

СНХ: АСЫЛБЕК БАЙБОРАНОВ, «SMART AQMOLA» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізге Теміржол вокзалы аумағынан қалалық учаске бөлінді. Онда біз дронды күніне 3 рет 9 нүкте бойынша ұшырамыз. Біз жылу шығынын, жылу желілерін, Қылшақты өзеніне қараймыз, қоқыс жәшіктерін де бақылаймыз. Меморандум аясында бізге 4 дрон берілді, оның екеуі Көкшетау қаласында, біреуі Қосшыда және біреуі аумақты шалғай жерлерді зерттейтін мобильді дрон болады.

РКС: Сарапшылар пилоттық бағдарламаны сәтті жүзеге асырған жағдайда оны бүкіл облыс аумағында қолданатындарын атап өтті.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.