ДИКТОР: Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бұқаралық спорт биік деңгейге көтерілді. Шебер спортшылар дайындауда Ақмола облысынында үлес салмағы басым. Соның бір айқын айғағы Егемен елге Щучинск қаласынан қанат қаққан Владимир Смирнов қысқы олимпиаданың алғашқы алтын медалін алып берді.

РКС: Биыл өңіріміздің спортшылары әртүрлі жарыстарда 2371 медаль жеңіп әкелді. Оның 787-сі алтын, 758-і күміс, 816-сы қола. Ақмолалық спортшыларды өңір басшысы арнайы құттықтады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өңірімізде 9 мыңға жуық бала спорт үйірмелерінде тегін дайындалады. Бұл болашақ ұрпақтың алдағы үлкен спорттық жарыстарға баратын алғашқы қадамы. Соңғы жылдары облысымызда бірнеше заманауи спорт кешендер салынды. Бұлар жергілікті бюджет және жеке кәсіпкерлердің қаржысына бой көтерді. Атап айтқанда Атбасар аудандағы Шуйское ауылында елімізде теңдесі жоқ спорт кешені есігін айқара ашты. Ерейментау қаласындағы жүзу бассейні бар спорт кешені жергілікті тұрғындарға қызмет етуде. Бурабай аудандағы Мәдениет ауылында, Красный Яр селосында да спорт кешендері салынып жатыр.

РКС: Өткенге көз жүгіртсек тоқырау жылдары Көкшетау облысында да спорт түгіл бас қайғы болып қалғаны есімізде. Осынау өліара тұста осы салаға жетекшілік еткен Қанат Ахметов сол қиын кезеңді еске алып өтті.

СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: Ол бір қиын кезең болғаны рас. Жас мемлекеттің қаржысы өзге де экономикалық мәселелері енді ғана шешіле бастаған шақ. Сол қиындыққа жергілікті спортшылардың жігері жасымады. Олар тәуелсіздікті бірінші кезекке қойып, әр деңгейдегі жарыста маңдай тер төгіп, көк туымызды желбіретті. Тәуелсіз елге біздің даңқты жерлесіміз, шаңғышы Владимир Смирнов алғашқы медальді алып берді. Бұған сол кездегі спорт саласын басқарған менің де еңбегімнің бар екендігін мақтан тұтамын. Қазіргі спортшыларға Ақмола облысымызда барлық жағдай жасалған. Тек қана тынымсыз дайындалып, жеңіске жете беріңдер.

РКС: Спортшылардың салтанатты жиынында Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов Ақмола облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Және бір топ адамдарды ұлттық олимпиада комитетінің мерекелік медальдарымен марапаттады.

ИНТЕРШУМ: мараппаттау

РКС: Бұқаралықтан бастау бұлағын алған спортшылар мен жаттықтырушылар бір тобы спорт мерекесі күні сый-сияпатқа ие болды.

СНХ: БЕКБОЛ НҰРЛАНҰЛЫ, БАЛУАН: Мен бүгін облыс әкімнің қолынан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері куәлігін алдым. Осы орайда жеке бапкерім әкем Мәуленнің еңбегі ақталды деп ойлаймын. Бұл табыспен шектеліп қалмай әлі де талай жарыстарға қатысып, еліме алтын медаль әкелемін.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, СПОРТ АРДАГЕРІ: Бүгінгі жиында «Еңбек ардагері» төс белгісін алдым. Бұл менің ұзақ жылға ұлттық спортқа қосқан үлесімнің игі нәтижесі.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Сондай-ақ салтанат соңында бірнеше спорт ұжымына автокөліктердің кілті берілді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫР ҚҰЛАТАЙҰЛЫ