ДИКТОР: Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры өздерінің кезекті демалыстарын аяқтап, халықты қуантуға дайындықтарын бастап кетті. Маусымашарға жас көрермендерге арнап өңделген «Жеті лақ» ертегісін Қуыршақ театрының сүйемелдеуімен балдырғандарға ұсынбақ. Бұл жайлы толығырақ тілшіміз баяндасын.

РКС: Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры кәсіби мамандарға байқау жариялап, жас ұл қыздарға үлкен мүмкіндік берді. Жаңадан келген өнерпаздар ұжымының қатарын толықтырмақ. Түрлі аспаптарда ойнайтын көптеген өнерпаздар қатысып, бақтарын сынап көрді.

СНХ: АЙДЫН ҚАБДІЛМӘЖИТ, КАСТИНГКЕ ҚАТЫСУШЫ:Мен осы кастингке келгеніме қуаныштымын, бүгін өз өнерімді толықтай көрсеттім деп ойлаймын. +1:00 18 тамыз күні Ш Құсайынов атындағы драмалық театрында кастинг болады деп маған айтты мен келіп өз өнерімді көрсеттім. Болашақ әріптестеріме сәттілік тілеймін,+2:10жаңа маусымға сәттілік. Көрермендер біз сіздерді күтеміз.

РКС: Маусымашарға бірнеше жаңа қойылым жаспарланған. Сонымен қатар ұмытылмас естеліктерге, тұсаукесерлерге толы болады, - дейді театрдың көркемдік жетекшісі.

СНХ: НҰРИСЛАМ ӘБДІЛ, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ///ҚАЗ/// Қазір біз үлкен бір жобаларды қолға алып отырмыз. Бірінші айта кетерлік дүние бізде Шахаң театрының қабырғасында кастинг өтуде. Музыкалық драма театры болғандықтан бізге аспапта ойнайтын өнерпаздар ауадай қажет. Бұл кастингке әлеуметтік желілерде хабарлама берілген. Жас аралығындағы ешқандай шектеу жоқ.+01:24 Алдағы уақытта біздің осы театрмыздағы қойылымдарды табиғи жанды дауыстағы сүйемелдеуімен көрермендерге жол тартатын болады. +02:44 қойылымға дайындық үстіндеміз. Режиссёрмен жұмыс бастаймыз.

РКС: Үлкен фестивальдарға шақырту алған Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры қызу дайындық үстінде. Театр өз көрермендерін қазан айында жаңа қойылымдармен қуантпақ.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ПАВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ