ДИКТОР: Алматыдан жеткен гуманитарлық көмек облысымыздың 5 ауданына жіберіледі. Бүгін Көкшетаудағы Достық үйіне «Atasu group» компаниясының өкілдері келді. Олар топан судан зардап шеккендерге 12 тонна азық-түлік пен төсек-орын әкелді.

РКС: Алматыдан жеткен жүк Есіл, Жарқайың, Астрахан, Атбасар және Жақсы аудандарына жөнелтіледі. «Қоғамдық келісім» волонтерлары, облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері гуманитарлық көмекті облыс орталығындағы Достық үйіне жеткізуге көмектесті. Осындай қиын кезеңде қазақстандықтардың бір-біріне қолдау білдіруі маңызды,-дейді жиналғандар.

СНХ: АЯУЛЫМ АҚАН, «ATASU GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Осы Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен жандарға, елді-мекендерге арнап гуманитарлық көмек алып келдік. Және осындай қиын қыстау кезде халықпен бірге болуды жөн көріп, халыққа көмек қолымызды созу үшін келіп отырмыз. Алдағы уақытта да бізде жобалар көп болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта да біз көптеген жақсы жобаларды ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен 3-ші сәуірден бастап «Жүректен жүрекке» акциясы бастау алған болатын. Ақмолалықтар да аталмыш акцияның шарапатын талай рет көрген.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазір, міне, Жақсы ауданының автокөлігі келіп тұр. Соған артылып жатыр. Әрмән қарай Жарқайың ауданына, Бұланды ауданына, Астрахан ауданына жеткізілетін болады. Бүгінгі таңда 20 миллионнан астам көмек көрсетіліп жатыр. оның ішінде ассамблеяның мүшелері, этно-мәдени бірлестік мүшелері белсенді қатысып жатыр. барлық халық қатысып жатыр. Көкшетау қаласының халқына рахмет. Бәрі келіп атсалысып жатыр. жылы киімдер, төсек-орындар әкеліп жатыр.

РКС: «Жүректен жүрекке» жобасы аясында алдағы уақытта да гуманитарлық көмектер көрсетілетін болады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ