ДИКТОР: Атбасар ауданындағы «Новосельское» серіктестігі биыл 25 мың. гектар алқапқа дәнді- дақыл сіңіруді жоспарлаған болатын. Жұмысты жүйелі жүргізудің нәтижесінде науқанды аяқтауға жақын қалды.

РКС: «Баптай білсең – жер жомарт» екендігін «Новосельское» серіктестігінің директоры Павел Шакола диқандарға жиі айтып, жауапты науқан кезінде соны жүзеге асыруды үнемі назарда ұстайды. Себу дәрежесіне жеткізілген бидай сұрыптары орталық қырманда қайта тексеріліп, алқап басына жеткізіледі. Біз болған күні диқаншылар соңғы алқаптарда жұмыс істеп жатты.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ЛИТВИНОВ, МЕХАНИЗАТОР: Жаңа техника-«Бюллер». «Хорош» себу агрегаторы. Екеуіде науқан басталғалы тоқтаусыз жұмыс істеуде. Күніне 350 гектар жерге бидан тұқымын сіңіреміз. Науқанды аяқтап қалдық. Бәрі жақсы.

ИНТЕРШУМ: егіс науқанынан көріністер

СНХ: ЮРИЙ НОСОВ, БАС АГРОНОМ: Дән себу жұмыстарына кіріскенімізге он күн болды. Аяқтауға жақын қалдық. Жалпы биыл 25мың гектар алқапқа дәнді дақыл сіңіреміз. «Августина» жаңа сортын тағы да септік. Былтыр одан әр гектарына 30 центнерден артық өнім алғанбыз. Биыл тағы да үміттеніп отырмыз. Себу науқаны аяқталысымен, топырақты бораналау және арамшөпке қарсы жұмыстар басталады.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Диқандар соңғы гектарларға дән себуде

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ