ДИКТОР: Болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырып, осы салада еңбек еткісі келетін жастардың қатары артқан. Биыл «Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебін 25 адам бітірген. Студенттер дипломдарымен қоса, мемлекеттік қызмет дағдыларын да меңгеріп шығады.
РКС: Ясин Өміртас мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Қазір ол «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысын игеруде. Мектепте теориялық тұрғыдан игерген болса,қазір алған білімін іс жүзінде қолданып жүр.
СНХ: ЯСИН ӨМІРТАС, ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ: Қазіргі таңда департамент ережелерін, нормативті оқыту актілерін игеріп,солармен танысып,қызмет ақпарат жүйесін жұмысын игеріп жатырмын. Менің ойымша осындай мүмкіндіктің берілгені тәжірибе жинақтап,болашақта осы салада табысты еңбек етуге септігін тигізеді.
РКС: Мектептің алғашқы жұмысы 2018 жылы басталған. Содан бері 100-ден аса студент аяқтаған. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті маман даярлау міндеті тұр.
СНХ:РАЙХАН БРАТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Мемлекеттік органдарда кәсіби практиканы өту студенттер үшін одан әрі жұмысқа орналасудың жақсы мүмкіндігі. Іс жүзінде өз ісінің ерекшеліктерін зерделеуге және мектепте алған білімдерін бекітуге көмектеседі. Естеріңізге сала кетейік, жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің миссиясы келешегі зор және талантты жастар арасынан мемлекеттік қызметке әлеуеттік кандидаттарды даярлау.
РКС: Мектептің негізгі қызметі жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыра отырып, жол сілтеу. Студенттер осы мектеп арқылы университет қабырғасында жүріп тәжірибеден өтіп, болашақ жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік алады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ