ДИКТОР: Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына жолдауында Үкіметке дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды тапсырды. Геосаяси ахуалдың қатты ушығып кетуіне байланысты Қазақстан қаржылық экономикалық қиындықтарға тап болып отырғанын айтты.
РКС: Дағдарыс кезінде нарық жағдайы күрт нашарлайды. Өндірістегі шығындар өсіп, жалақы төмендейді. Бұл халықтың тұрмыс деңгейіне әсер етеді. Мұның бәрі – экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі. Үкімет және басқа да жауапты мекемелерге қойылған ең басты міндет – ұлттық валютаны тұрақты ету. Бұл – ел экономикасындағы қауіпсіздіктің негізгі факторы.
СНХ: ТАЛҒАТ ДЕМЕСІНОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Қазіргі кезде теңге екі факторға тәуелді болып келе жатыр.Сыртқы нарықтағы шикізат өнімдерінің бағасы мұнайдың бағасына тәуелді. Бағалар құбылып отырады. Мұнайдың бағасы құбылған сайын оның ықпалы теңгенің долларға шаққандағы курсына әсер етеді. Екінші біз Ресей федерациясының экономикасына өте көп тәуелдіміз. Сыртқы экспорт пен импорт операцияларының 30 проценттен астамы Ресеймен жасалады. +скд Сондықтан біз геополитикалық жағдайды ескере отырып,сыртқы сауда мәселелерін қайта қарауымыз керек. Логистикалық тауарларды қозғалысын қайта қарауымыз керек.
СНХ: МЕЙРАМХАН БАЙЫМБЕТОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Ең басты нәрсе экономикалық тұрақтылықты түзек керек. Айналамыздағы болып жатқан жағдай біздің ішкі экономикамызға әсер етпей қоймайды.Сондықтан экономика дегеніміз ол бір толық бір адамның организімі сияқты.Оның тек қана қолы ауыратын болып басқа жерінің бәрі дұрыс болатын болса ұлттық валютаның немесе қаржылық тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан бұл жерде бірінші кезекте ішкі экономикалық жағдайымызда тұрақтандыру импорттық, экпорттық тауар айналымын дұрыстау керек. Қанша дегенмен бізге импортқа тәуелді болсақ ол әрдайым кері әсерін тигізіп жатады.
РКС: Мемлекет басшысы елімізді қарқынды дамыту, экономика тұрақтандыру, халықтың тұрмыс деңгейін, табысын көтеру арқылы әл-ауқатын жақсарту жөнінде ауқымды міндеттер қойды.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ