ДИКТОР: Папье-маше. Француз тілінен аударғанда «жыртылған қағаз» деген мағынаны білдіреді екен. Зеренді ауданындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығында балалар қалдық қағазды кәдеге жаратып, көздің жауын алатын дүниелер жасап шығарады.

РКС: Балалар қағаз қалдықтарын да кәдеге жаратып отыр. Бұл ағаштан қашалып, қоладан құйылған мүсіндер емес. Кәдімгі қағазды бір-біріне жабыстырып жасаған туындылар. Ерекше өнер түрін папье-маше деп атайды.

ИНТЕРШУМ: Қағаздан жасалған мүсіндер көрсетіледі

РКС: Томирис патшайымның киімін жасаған Жұлдызайдың бұл еңбегі республикалық байқауда жүлделі орынға ілікті. Бас киімі, садақ пен жебесі картоннан жасалған. Ал әшекейлері қағазды үсті-үстіне жапсыру арқылы безендірілген. Жұлдызай бұл жұмысты жасап шығаруға төрт ай уақытын арнаған.

СНХ: ЖҰЛДЫЗАЙ ЕРҒАЛИЕВА, ОҚУШЫ: Бұл костюм Томиристің киім сауыты, Папье-машеде үш әдісі бар, оны орындау үшін. Біріншісі ол-маширование, қағазды үстіне жапсыру. Екіншісі қағаз массасы. Үшіншісі картон. Картонды үсті-үстіне жапсыру. Осы костюм үш әдісінде жасалған. Бұл менің ең ірі жұмыстарымның бірі. Осы жұмыспен мен облыстық, республикалық деңгейде жетістікке жеттім.

РКС: Ғұн, Үйсін, Сақ жауынгерлері. Аңшы. Бүркітші бала. Бұл мүсіндер қоладан құйылғандай. Бірақ олар кәдімгі қалдық қағаздан жасалған балалардың еңбегі. Жамбыл Жабаев пен Шоқан Уәлихановтың шағын мүсіні де кәсіби сәулетшілердің еңбегінен кем түспеді. Картоннан құрастырылған туындылар тіпті ерекше. Мұның бәрі оқушылардың қиялынан туған дүниелер.

СНХ: ГҮЛӘЙІМ АҚПАЕВА, ПАПЬЕ-МАШЕ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Осы папье-маше технологиясына көп жылдан бері қатысып, осы балаларды үйретіп келе жатырмын. Өйткені бұл қолжетімді әрі арзан материал. Сувенирлар болсын. Балалар қуана ата-аналарына сыйлайды және достарына. +скл+Өте қызықты балаларға, қуана-қуана жасайды. Бүкіл әлемдегі заттарды жасауға болады осы қағаздан. +скл+Сондықтан біз осы технология бойынша ата-бабамыздың тарихын балаларға жеткізу.

СНХ: АЙЯ АСҚАР, ОҚУШЫ: Мен балалар үйірмесіне үш жылдай қатысып келемін. Мен қазір аюдың мүсінін жасап жатырмын. Біз бірінші сумен макеттің үстіне сумен қағазды жапсырып аламыз. Сосын желіммен жабыстырып аламыз. +скл+Кепкен соң біз оны кесіп аламыз. Сосын безендіреміз, түрлі түспен бояймыз. Мен қазір ұсақ тиын салатын копилка жасап жатырмын.

РКС: Балалар өздері жасаған туындыларын пайда көзіне айналдырып үлгерген. Зерендіге келген демалушылар кішкентай қолөнер шеберлерінің бұйымдарын лезде сатып алып кетеді екен.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ