ДК: Бахадүр батырлары бұла күші бұлқынған балуандарымен танылып, «Дударай» әні Париж төрінен шырқалған қасиетті Қорғалжын өңірінің тарихы тереңде. Оны кейінгі толқын ұрпаққа жеткізу мақматында аудан орталығында тарихи өлкетану музейі жасақталуда.

РКС: Мамандығы сәулетші, туған жерге деген перзенттік сезімі ерекше жандардың бірі Аманкөш Аужановтың арманы Қорғалжында тарихи-өлкетану музейін ашу болатын. Осынау қиында жауапты жұмыс енді ғана жүзеге асуда.

СНХ: АМАНКӨШ АУЖАНОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен сонау бала кезгі арманыма зейнет жасына шыққан соң біржола бет бұрдым. Музейдің жәдігерлерін ұзақ жылдар жинадым. Оны ашу ойымда аудан әкіміне айттым. Ол бірден қолдап, арнайы ғимарат бөлді. Бүгіндері музейдің ішін әрлендіріп, ауыл аймақтардан Қорғалжынның тарихи жерлерінен саналуан жәдігерлерді топтастырып жатырмын.

РКС: Зейнеткер, туған жер тарихын жақсы білетін Аманкөш Аужанов болашақ музейдің жәдігерлерін бірнеше бөлім етіп жасақтап жатыр. Оған замандастары мен жерлестері қолұшын созуда. Солардың бірі жауырыны жерге тимеген танымал балуан Рамазан Шәймерденов.

СНХ: РАМАЗАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл музейді ашып жатқан тарихты терең білетін азамат Аманкөш Аужанов. Ол студент кезінде ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері атанған жерлесіміз. Зейнетке шыққан соң музей ашуды бастады. Оның жәдігерлерін ауданның елді мекенін аралап өз қаржысына сатып алуда. Патриот азаматқа деген жерлестерінің алғысы шексіз.

РКС: Туған өлке тарихын зерттеп жүрген зейнеткер Аманкөш Аужанов Қорғалжын аулындағы музейдің есігі жазға дейін ашылады деп сенеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ