Нұржан Маратұлы Балахметов
«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының аға режиссері
Балахметов Нұржан Маратұлы 1994 жылдың 13 сәуірінде Көкшетау қаласында дүниеге келді.
2014 жылы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК-ның «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» мамандығын тәмамдаған.
2020 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығын тәмамдаған.
2015 жылдың наурызынан бастап күні бүгінге дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалында аға режиссер қызметін атқарып келеді.