
Бекқалиева Зарина Өмірғалиқызы 2000 жылдың 27 тамызында Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылында дүниеге келген.
2021 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қазақ журналистикасы» мамандығы бойынша үздік бітірді.
2021 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында редактор болып жұмыс істеді.
2023 жылдың ақпанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін редактор-жүргізуші қызметін атқарды.
2025 жылдың қаңтарынан бастап орыс редакциясының шеф-редакторы лауазымын атқарады.