1999 жылғы 11 ақпанда Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Ұялы ауылында дүниеге келген.
2021 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2022 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
Еңбек жолын 2020 жылдың қаңтар айында «U-Study» білім беру орталығында оқытушы ретінде бастады.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалында редактор-жүргізуші қызметін атқарды.
2021 жылдың маусым айынан бастап Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы міндетін атқарды.
2021 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қазан айына дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі, аға меншікті тілшісі болды.
2025 жылдың 3 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.