ДИКТОР: Биыл өңірде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мыңнан астам пәтер сатып алу жоспарлануда. Атбасар қаласында 76 отбасы жаңа тұрғын үйдің иесі атанды. Көптен күткен баспанаға түрлі санат бойынша кезекте тұрғандар қол жеткізді. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғындарға салтанатты жағдайда заманауи тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің кілтін табыс етті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл күн көптеген атбасарлық үшін естен кетпес қуанышқа ұласты. Өйткені, олардың әрқайсысы баспана кезегін ұзақ күткен еді. Олардың арасында мұғалімнің Күлайым Байкенованың қызы да бар. Пәтер кезегіне осыдан 10 жыл бұрын тұрған.

СНХ: КҮЛАЙЫМ БӘЙКЕНОВА, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өте қуаныштымын қызым пәтер алып жатыр екі бөлмелі. Қуанышым жүрегіме сыймайды. Қоныстары құтты болсын! Бүкіл барша осы үйге иелері болып атқан тұрғындарға. Қуаныштары ұзағынан болсын. Өте керемет үй дегенің енді. Качествосы да керемет жақсы екен. Үй жылы. Отанымыз дами берсін мынандай Тәуелсіз мемлекетте ашық аспанның астында өмір сүре берейік!

РКС: Айта кетейік, жақында салынған бес қабатты тұрғын үй кешені заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Аумақта 30 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Ішке Face ID арқылы кіреді. Пәтерлердің іші де жайлы етіп бөлінген. Қолайлы жағдайдың бәрі жасалған. Облыс бойынша пәтер кезегінде тұрғандардың бәріне дәл осындай баспана сатып алынады,-деп атап өтті өңір басшысы Марат Ахметжанов.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бұл біздің Президентіміз қойған ең үлкен талаптардың бірі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұған әрқашан назар аударған. Жақында ғана Үкіметтің кеңейтілген отырысында біздің президент Үкіметке, жалпы әкімдерге тапсырма берді. Бұл баспаналар қол жетімді болуы керек. Тұрғын үй бейсаналық түрде нақты тапсырмалар берді, бұл сапа мен қол жетімділікке назар аудару керек.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыста 661 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша 6 мыңнан астам ақмолалықтың баспана мәселесі шешілді. Оның ішінде кезекте тұрған 2,5 мың отбасы пәтер алды. Биыл тұрғын үй қорын тағы 665 мың шаршы метрге толықтыру жоспарланып отыр. Яғни, пәтер кезегінде тұрған тағы бірнеше отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізеді.

ГҮЛНАЗ ХАЗИХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.