ДИКТОР: Бүгіндері Парламент депутаттары жер-жерде сайлаушыларымен кездесіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуда. Бүгін Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Көкшетауда жұмыс сапарымен болып, техника мамандарын даярлайтын оқу орнының жұмысымен танысты. Одан соң халық қалаулысы этномәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті.
РКС: Мәжіліс депутаты Наталья Дементьеваға Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенттері инновациялық әзірлемелерін көрсетті. Халық қалаулысының назарына ұсынылған жобалардың ішінде 3D нысандарын модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, виртуалды өмірді пайдалану, сондай-ақ биологиялық ыдырайтын пластиктен 3D басып шығару технологияларының таныстырылымы ерекше болды. Сонымен қатар, оқушылар электромобильдердің артықшылықтары туралы да іс-жүзінде көрсетіп берді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ВИТАЛИЙ САУЛИДИ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл жоба болашаққа жетелейтін қадам. Өйткені, электромобиль тренд болып есептелетінін білесіздер. Біздің студенттер қазірдің өзінде электромобильдердің механигі әрі оған диагностика жасай алады. Қазір біз техниктер мен механик мамандықтарына оқып жатқан студенттердің зор қызығушылығын байқаймыз. Өйткені олар сұранысқа ие. Біздің жұмысымыздың тағы бір үлкен артықшылығы-студенттердің жобалық қызметке деген қызығушылығының артып отырғандығында. .
РКС: Наталья Дементьева одан соң оқытушылар құрамымен кездесті. Әңгіме барысында халық қалаулысы мемлекеттің кәсіби техникалық кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты. Бүгіндері дәл осы мамандықтар ел экономикасын дамытудағы басым бағытына айналып отыр. Сонымен қатар депутат колледж студенттері мен оқытушыларының кәсіби әлеуетін арттыруды да тілге тиек етті.
СНХ: НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Жалпы колледждің базасы біздің студенттеріміздің білім сапасына қатты әсер етеді. Өйткені қазіргі колледждің студенттері колледжді бітіргеннен кейін университеттің, яғни жоғары оқу орнының 3-курс студенттеріне сәйкес деп айтуға болады. Бұл өте қуанарлық жағдай. Бұл менің ойымша жетістік деп айтуға болады. Алайда құжаттар тарапынан бірнеше сұрақтар бар. Тағы да талқылаймыз білім сапасына қатысты, әртүрлі скилдерге қатысты. Колледж студенттерінің білім сапасы теңбе тең емес пе осы сұрақты талқылаймыз.
РСК: Халық қалаулысына студенттерге арналған жатақхана құрылысының барысы да баяндалды. Ол 300 орынға арналған. Нысан өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда, мердігердің салғырттығынан уақытылы дайын болмай отыр. Жатақхананы 15 қаңтарға дейін тапсыру жоспарлануда.
СНХ: НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Бақылауыма алдым міндетті түрде. Өйткені қаңтар айының басынан бастап, біздің колледж студенттері қателеспесем 200-ге жуық колледж студенті далада қалды деп айтуға болады. Яғни, олар қай жерде түнейді, қай жерде тұрады дегені белгісіз.Бұл студенттер үшін өте ыңғайсыз. Студенттердің жағдайын біз міндетті түрде жақсартуымыз керек.
РКС: Колледж ұжымымен кездесуден соң депутат этномәдени орталықтардың өкілдерімен жүздесті. Халық қалаулысымен бірге этномәдени бірлестіктердің өкілдері заң жобаларын талқылады. Қоғам үшін оң ықпалын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдағы ұлтаралық келісім мен қауіпсіздікті нығайту үшін одан әрі де қоян-қолтық жұмыла әрекет етуге уағдаласты.
МҰРАТ НҰРСӘУЛЕ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ