ДИКТОР: "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 38 алғашқы медициналық санитарлық көмек объектісін салу көзделген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында денсаулық сақтау мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының есептері тыңдалды.
РКС: Облыстың 14 өңірінде 14 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 медициналық пункт салыну жоспарланған. Осы мақсатқа үшін Ұлттық қордан және Үкімет резервінен 8 млрд теңге бөлу қарастырылған.
СНХ: НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен тапшылық бар. Бұл 1,4 млрд теңге. Бір жоба 2025 жылға көшуде. Барлық жобалар бойынша мердігерлік ұйымдар анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, аталған жұмыстарды аяқтау кесте бойынша жоспарланған. Бір нысанның құрылысы қазан айында аяқталды. Егіндікөл ауданы Бауманское ауылындағы ФАП. Қараша айында 17 нысан жоспарланған еді. Оның 9-ы инженерлік инфрақұрылымның салынбауына байланысты желтоқсанға ауысады. Бүгінгі таңда құрылыс басқармасы объектілерге бақылау жүргізуде.
РКС: Сонымен қатар, ұлттық жоба шеңберінде екі аурухананы жаңғырту үшін Үкімет резервінен 823,7 млн. теңге бөлінді, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 жоба бойынша жұмыстар аяқталған. Республикалық бюджеттен қаржыландырудың толық болмауына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы 2025 жылы күтілуде.
СНХ: НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Степногорск ауруханасын күрделі жөндеу бойынша, сметалық құны – 427,6 млн.теңге, мердігер "СК мақсат LTD" ЖШС, 258,6 млн. теңге бөлінді, 2025 жылға ауысып отыр. Атбасар ауруханасын күрделі жөндеу бойынша 340 млн. теңге қаражат тапшылығы бар. Биыл 653,5 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда.
РКС: Реанимациялық бөлімшелер мен операциялық блоктарды жөндеуге "Ауыл ел-бесігі" бағдарламасы шеңберінде 155,2 млн.теңге, үкімет резервінен 823,8 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары 10 жоба бойынша аяқталса, 7 жоба 2025 жылға ауысады.