ДИКТОР: Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жерде Астана су қоймасында төрт адамның өмірін қиған қайғылы оқиға орын алды. Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туылған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер алып шыққан. Бүгін таңғы сағат 6-да Ақмола облысы Төтенше жағдайлар депортаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1977 және 2000 жылдары туған екі адамның денесін судан алып шықты. Отбасының өмірін қиған оқиға шомылуға тыйым салынған жерде орын алған.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПОРТАМЕНТІ РЕСМИ ӨКІЛІ: Кеше сағат 15: 54 те қайғылы оқиға орын алды. Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 км жерде Астана су қоймасында 4 адам суға батып кетті, барлық 4 адам бір отбасының мүшелері. Сағат 16:13 да 1980 жылғы әйелдің денесі және 2001 жылы туған қыз қыздың денелерін куәгерлер алып шыққан. Бүгін таңғы сағат 6-да Ақмола облысы Төтенше жағдайлар депортаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1977 және 2000 жылдары туған екі адамның денесін судан алып шықты. Отбасының өмірін қиған оқиға шомылуға тыйым салынған жерде орын алған. Ақмола облысының төтенше жағдайлар депортаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға және балалардың қауіпсіздігін қадағалауға шақырады.