ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде әскери кафедра студенттеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Білім алушылар әскери дайындық курсын академиялық дайындықпен ұштастырып, сәтті аяқтады. Түлектер жоғары білім мен қажетті дағдыларды көрсете білді.

РКС: Әскери кафедра тек қана теориялық емес, сонымен қатар практикалық сабақтарды да қамтиды. Студенттер әскери іс, тактика, техника және атыс дайындығын жоғары деңгейде меңгерді. Диплом табыстау кешінде түлектер салтанатты түрде ант қабылдады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: РҮСТЕМ МӘЖІКОВ, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ: Әскери кафедра да офицерлік бағдарламасы бойынша 2 жылдық оқу білімін алдық. Осы аралықта әскери мамандыққа үйрендік. Егемен Елімізге ержүрек әрі батыл болуға дайынбыз. Кафедра басшылығына, ұстаздарына алғысым шексіз!

РКС: Әскери кафедраны аяқтаған түлектер Қарулы Күштер қатарына шақырылады. Сондай-ақ, олар қорғаныс өнеркәсібінде, құқық қорғау органдарында және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты басқа да бөлімдерде жұмыс істей алады.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Алдындағы түлектер оқуды бітіріп, әскери атақ алып лейтенант деген, ал кейбіреулері алған білімдерін әрі қарай жоғарлатып полковникке дейін алған жігіттер бар. Біздің алдымызға қойған ең басты мақсатымыз - патриот болу, өзінің Отаның сүю, Қазақстанды қорғауға дайын болу.

РКС: Салтанатты шарада заманауи әскери дайындықтың маңыздылығы сөз болды. Мерекелік іс-шараны түлектердің патриоттық әндерімен жалғасты.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ