ДИКТОР: Астарахан ауданындағы Агробизнес және сервис колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүгізіліп жатыр. Жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Марат Ахметжанов жөндеу сапасын бақылап, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар соныңда бірқатар жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді.

РКС: Астарахан ауданына қарасты Новочеркасск ауылында «Нұр-А» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі сүт өнімдерін шығарады. Дайын өнім Астарахан ауданынан бөлек, елордаға да жеткізіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы аймақ басшысына бірқатар ұсыныс білдірді.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН ҚОЖАХМЕТ, «НҰР-А» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ БАСШЫСЫ: Шикізатты жергілікті халықтан сатып аламыз. Бағасы өте қымбат. Алдағы уақытта 100 басқа арналған сүт тауарлы фермасын ашқымыз келеді. Жерді былтыр тендер арқылы сатып алдық. Биыл жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Бізге жеңілдетілген несие берілсе екен. «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына бұл мәселемен барған едік. Олар бізді Көкшетауға жіберді. Ал Көкшетау қаласында жеңілдетілген несие, мал саны 400-ден кем болмаса ғана беріледі.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов мәселенің шешімін қарастыруды назарға алмақ. Сонымен қатар, облыс әкімі Агробизнес және сервис колледжінің жатақханасына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу сапасын бақылады. Ғимарат 1961 жылы салынған. Жөндеуге облыстық бюджеттен 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

ИНТЕРШУМ:

- Подрядчик обязуется у нас согласно графика производственных работ до 29 августа завершить все производственные работы.

- Надо раньше наверное, чтобы успели заселиться, числа 20-го наверное, чтобы потом посмотрели, какие недочеты.

РКС: Биыл Астарахан ауданына қарасты 3 білім ошағында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИ НА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ