ДИКТОР: Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Ернар Жаркешов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

ДИКТОР: Ернар Серікбайұлы Жаркешовтің төрт жоғары білімі бар, АҚШ-тағы Гарвард университетін, Дж. Кеннеди атындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін, Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебін, Болашақ стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Бирмингем Университетін және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмәмдаған. Еңбек жолын Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде тағылымгер ретінде бастаған. Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде ассистент-зерттеуші болып жұмысын жалғастырған. Одан соң Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылымдарында бас маман, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінде жобалар портфелінің жетекшісі болып жұмыс істеген. Қазақстандық ірі жекеменшік консалтинг компаниясының бас директоры, Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық консалтинг компаниясының Еуразия елдері бойынша директоры және бизнесте басшы қызметтерін атқарған. Осы жылдың ақпан айынан күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі болып еңбек етті.