ДИКТОР: Атбасар ауданында 27 отбасы жақын арада қоныс тойларын тойлайды. Оларға үйлердің кілттері табысталды. Қызыл судан зардап шеккен 300-ден астам атбасарлық бүгінгі таңда Үкімет тарапынан 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік көмек алды. Алдағы уақытта тағы да қандай қолдау шаралары жасалмақ? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
РКС: Атбасар ауданында топан судан зардап шеккен отбасыларға екі, үш, төрт бөлмелі пәтердің және жер үйдің кілті табысталды. Арнайы комиссия мүшелері табиғи апаттың салдарынан бұл үйлерді апатты деп таныды. Көтерілген судың кесірінен бұл аймақта 77 баспана жарамсыз болып қалған.
СНХ: ГҮЛЗӘТ КЕНЖЕТАЕВА, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бізге сразу оценщик келді айтты солай-солай сіздің үй апатты үй болып шықты деп. Үйдің шығыңыз, қауіпті деп бізге айтьып, түсіндірді. Жаңа үйді көрдік. 3 спальный бар, залы бар. Біз мал ұстаймыз, сондықтан жолдасым жер үй аламыз квартира үйренбегенбіз деп, алдық осы центрдан. Менің арманым болған центрда тұрсам екен деп. Сол центрдан үй алып берді бізге. Туған күніме ең қымбатты сыйлық.
СНХ: НАТАЛЬЯ ЗАИКА, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйге су кірген кезде, біз бірден сыртқа шықтық. Бізге әзірге тұра тұруға баспана берілді. Бізді назардан тыс қалдырмай әкімшілік барынша көмек көрсетті. Кейін маған жер үй немесе пәтер тандауға мүмкіндік берді. Мен, әрине жер үй алуды ұйғардым. Біздің ауылда бір әже өз үйін сатуға қойған болатын, мен ол кісімен келісіп, осы үйді алдым. Президентімізде алғысым шексіз. Бізге барынша қолдау көрсетіп жатыр.
РКС: Биыл көктемгі су тасқыны өңірдің басым бөлігін әбігерге салды. Көптеген жер үйлер мен қоралар топан судың астында қалды. Күрделі кезеңді барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, зардап шеккендерге қол ұзын соза білді. Аймақ басшысы жаңа қоныстанушыларды құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жабай өзені өзінің атына сәйкес мінезін көрсетті. Осы жерде көл болып жайылды. Қазір кішкентай ғана шағын өзен. Біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өздерінің білесіздер айтып кетті ешбір жәбірленген азамат назардан тыс қалмайды, мемлекет тарапынан сәйкес қолдау мен көмек көрсетіледі деп атап өтті. Сол енді міне біз ізін суытпай, тез арада осы зардап шеккен азаматтарға баспана беріп, жарамсыз үйлерді ауыстырып беріп жатырмыз. Құрметті атбасарлықтар сіздерді жаңа қоныстарыңызбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!
ИНТЕРШУМ: Кілт табыстаудан фрагмент
РКС: Сондай-ақ, қызыл судан зардап шеккен 200-ге жуық үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған қоса, 700 орындық мектеп пен 6 елдімекеннің су шайып кеткен жолы жаңартылуда.
СНХ: АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 9 пәтер тағы осы аптаның ішінде беріледі. Облыс әкімі үлкен тапсырма беріп кетті, президенттің тапсырмасы аясында 15-ші августқа дейін 77 үй толыққанды көшіріліп бітеді. 6 елдімекенде жол қатынасы шыныменде су тасқынына байланысты үзілген болатын. Қазіргі таңда бүкіл 6 елдімекенде жолдары толығымен ретке келтіріліп, қатынас толыққанды орнатылды. Бірінші мектеп өздеріңіз білесіздер суға кеткен. Оған мінекей қажетті сметалық құжаттар істелініп, қажетті жұмыстарға подрядчик кірісіп кетті. 89 бала үшінші мектепте оқып жатыр. Қалғаны училищенің зданиясында оқып жатыр. Оқу процесі үзілген жоқ.
РКС: Сонымен қатар, аймақ басшысы Марат Ахметжанов Атбасар қаласында әр қайсысы 100 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын-үйдің құрылыс барысымен танысты.
ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен жауапты мердігердің әңгімелесу барысынан үзінді
РКС: Бұл баспаналар 15-ші тамызға дейін пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмыстарын аймақ басшысы Марат Ахметжанов жіті қадағаламақ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ