ДИКТОР: Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда тұратын 18 оқушы балалар лагерінде демалып жатыр. Есіл ауданына қарасты бірнеше ауылдан келген бүлдіршіндер Зерендідегі демалыс орнында тоғыз күн болады. Ал мектеп бағдарламасын қашықтан оқиды. Лагерьде балаларға қажетті барлық жағдай жасалған. Олар киім-кешек, оқуға қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Тәлімгерлер оқушылардың бос уақыты тиімді және қызықты өтуі үшін күн сайын мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырады. Оған қоса, лагерьде работотехника, мобилография, жаратылыстану ғылымдары сынды үйірмелер де жұмыс істейді.

СНХ: СОЛИХ БОЛАТ, ОҚУШЫ: Сабақты осы залда өтеміз. Сосын көптеген ойындар ойнаймыз. Арасында демаламыз. Солай маған осы лагерь ұнады.