ДИКТОР: Алдағы 2 жылда облыс аумағындағы саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамытуға көңіл бөлінеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы Жол картасы бекітілді. Негізгі мақсат саяжайлардың жағдайын жақсарту, бос жатқан жер телімдерін анықтау.

РКС: Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында 95 бау-бақша серістестігі бар. Оның 66-сы Зеренді тас жолының бойында, қалған 29-ы Красный Ярға барар жолда орналасқан. Бау-бақшалардың жалпы алаңы 883 гектардан асады. Осы күндері саяжай аумақтарын қалыпқа келтіру, көкөністер отырғызу науқаны басталып кеткен. Облыс аумағындағы бау-бақша шаруашылықтарына әлі де болса көп көңіл бөлу керек. Осыған орай, Премьер-Министрдің өкіміне сәйкес облыс аумағында саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамытудың Жол картасы бекітілді. Құжат 2024-2026 жылдарға арналған.

СНХ: ӘСЕЛ ЗӘРІПХАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Осы жол картасы негізінде саяжай алқаптарының өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобы құрылады. Сондай-ақ, кооперативтегі учаскелердің санын, оларда тұрақты тұратын азаматтарды, жер учаскелерін ұзақ уақыт пайдаланбау немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактілерін анықтау мақсатында саяжай учаскелеріне ревизия жүргізілетін болады.

РКС: Мұндағы мақсат пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау, саяжайға апарар жолдардың сапасын, электр қуаты, ауыз су және тағы басқа инженерлік инфрақұрылымның қолжетімділігін немесе қажеттілігін анықтау. Жалпы, қазіргі таңда жолдардың жағдайы жақсы. Биыл жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылмаған. Дегенмен, тұрғындар тарапынан өтініш не шағым түссе, қажетті жұмыстар жүргізілетін болады,-дейді әкімдіктегілер.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Зеренді тас жолы аумағында орналасқан саяжайлардың жолдары 2021, 22, 23 жылдары асфальт жабыны, яғни, шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2022 жылы тұрғындардың сұрауы бойынша 3 мың метрге жуық қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта автобус қатынау жолдары қалыпты жағдайда деп айтуға болады. Өйткені арнайы жұмыстардың барлығы өткен жылдың есебі бойынша жүргізілді.

РКС: Ал, саяжай иелерін бау-бақшаларына тасымалдау үшін қоғамдық 7 көлік бөлінеді. Осы күндері жергілікті әкімдік мамандары автобустардың бағыттарын, айналым санын реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ