ДИКТОР: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясындағы «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету» жобасы негізінде «Ұлттық тәрбие және отбасы құндылықтары» тақырыбында облыстық ата-аналар форумы өтті. Шараны Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастырды.

РКС: Колледжде білім алатын оқушылардың ата-аналары мен педагог арасындағы ынтымақтастықты нығайту аса маңызды. Өйткені, қазір жасөспірім шақта еліктеушілікпен қатар, жан-жақтан келетін қауіп те аса жоғары екені белгілі.

СНХ: ӘЛИЯ ЗАМАНБЕКОВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Ата-аналардың бала тәрбиесі процесіндегі белсенділіктерін арттыру. Мұнда бала қауіпсіздігі, жастар арасындағы суицид, нашақорлық, діни экстремизм, қыз баланың тәрбиесі, ер бала тәрбиесі әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі талқыланды. Себебі, баланың өмірінде ана көбіне рөл атқарады. Әкелер көбіне материалдыққа, қаражатқа жауап берген соң, көп тәрбиеге араласа бермейді. Сондықтан да, бұл форумға әкелердің келуін талап еттік.

РКС: Диалогтық алаңға қатысқан колледждің әкелер мен аналар кеңесі мүшелері кеңес беру отырыстарына қатысып, «Әке тәрбиесі-тағылым мектебі», «Ата-ана мен педагог ынтымақтастығы» тақырыбында пікір алмасты.

СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Белсенді әкелер, аналар кездесіп, өз ойларын секцияда талқылап жатыр. Ұстаздарға рахмет. Былтыр ғана осы колледжде әкелер клубтары, кеңестері ашылды. Соның нәтижесін бүгін тыңдадық. Пікір, ойларымызды да айттық. Сондай-ақ бізбен бірге Аналар кеңесі, басқа да бірлестік қоғамдармен бірігіп жұмыс атқарып жатырмыз. Белсенді әкелерді үлгі ретінде көрсету. Мектепте, басқа да мекемелерде әкелер клубын ашып, кеңестерін құру. Басқа мекемелер болсын, денсаулық, білім, ішкі саясат, қорғаныс мекемелерімен етене жұмыс істеу.

РКС: Пленарлық жиындағы секциялық отырыстардың қорытындысына сәйкес ата-аналар тарапынан ұсынымдар келіп түсті. Олардың қатарында ата-ана мен колледж ұстаздары арасындағы байланысты нығайту мақсатындағы тәрбиелік, мерекелік іс-шараларды, кездесулер мен форумдар санын көбейту. Сонымен қатар, Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы базасында отбасы институтын ашу қажеттілігіне ұсыныс білдіруді, республикалық «Қазақ қызы» институтымен ынтымақтастықты орнатуды жоспарлап отыр.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ