ДИКТОР: Ақмола облыстық орыс драма театры көрермендер назарына «В ожидании Годо» спектаклінің премьерасын ұсынды. Яков Куклинский атындағы эксперименттік сахнада Сэмюэл Беккеттің трагикомедиясы көрсетілді. Бұл режиссер Аян Әлімбаевтың театрдағы алғашқы қойылымы.

РКС: Бұл қойылымның қоюшы режиссеры Аян Әлімбаевтың айтуынша ол осы тақырыпты ертеректен ойластырып жүрген. Бірнеше жылдан бері ойда жүрген идеясы көп күттірмей өз көрерменіне жол тартты.

СНХ: АЯН ӘЛІМБАЕВ, РЕЖИССЕР: Бұл идея маған студенттік кезде келген, сол уақытта ерекше оқиға қарастырып, ізденісте жүрген уақыт болатын. Бұл пьессаны оқыдым, маған қатты ұнады. Өйткені бұл жерде бір күні келіп, сақтап, құтқарып қалады деген үміт болды. Бұл спектакльде үміт тақырыбын көрсетуге тырыстық.

РКС: Спектакльдің қоюшы-суретшісі - Ирина Лунга. Қойылымға 5 актер қатысады. Жасмин Тазабекова үшін бұл рөл оның дебюті болды.

СНХ: ЖАСМИН ТАЗАБЕКОВА, АКТРИСА: Бұл театрдағы бірінші рөлім. Барлығы жақсы және оңай болады деп үміттенемін. Әріптестеріме де сәттілік тілеймін. Біз бұл спектакльге бір ай бұрын дайындала бастадық. Жалпы бұл салада жүргеніме 7 жыл болды. Мен актерлік мектепте оқыдым, содан кейін колледжге актерлік шеберлікке түстім, ал қазір университетте оқимын.

РКС: Жеке-Батыр Кәменов театрда үшінші маусымнан бері өнер көрсетіп келеді. Жаңа режиссердің жұмыс істеуі біз үшін аса бір жаңалық емес, өйткені театрға мамандар жиі шақырылады дейді.

СНХ: ЖЕКЕ-БАТЫР КӘМЕНОВ, АКТЕР: Бұл түсінуге, қорытуға, сахнада ойнауға болатындай көлемді, күрделі материал. Менің Поццо рөлім басты емес, қосалқы рөл, бірақ, былайша айтқанда, көп жұмыс істеуге тура келді. Оны қызықты ету үшін еңбек еттік.

РКС: Спектакльдің премьерасы сәтті өтті. Қойылым көрермендердің жүрегінен орын таба білді. Театр ұжымы көрермендерді қойылымды тамашалауға шақырады.

ИНТЕРШУМ

М.АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ