ДИКТОР: «Жасыл ел» бағдарламасы еліміз бойынша 2005 жылдан жүзеге асырылып келеді. Ол ең алдымен жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, экологиялық және патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатын көздейді. Жоба күні бүгінге дейін өз қызметін жалғастыруда. Жыл озған сайын табиғатты қорғау белсенділерінің қатары да артып келеді.
РСК: Облыс орталығындағы «Жасыл ел» еңбек отрядының қатарында 300-ге жуық жас бар. Олардың барлығы қоршаған ортаны абаттандырумен және аула аумақтарын тазартумен айналысады. Жасыл елдіктердің дені мектеп оқушылары мен студенттер.
СНХ: ӘДІЛ ТОМАРОВ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫ: Мен осы проекте жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Өйткені, біз өз қаламызды тазартып көркейтуге дайынмын. Студенттермен және оқушылармен жиналып осы жерде ағаш отырғызып, қоқысты жинаудамыз. Менің ойымша, біздің қаланы таза ұстауға өте маңызды шара.
РСК: Бұл күні еңбек ұжымдары «Сарыарқа», «Элеватор» және «Центральный» шағын аудандарына ағаш көшеттерін отырғызып, аулаларды қоқыстан тазартты.
СНХ: ЕРДЕН НҰРМҰХАМЕТ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жерде айта кететін болсақ, өскелең ұрпаққа құаламыздың тазалығына, экологиялық мәні бар түсінік қалыптастыру үшін. Қоршаған ортамызды аялап ұстау үшін. Өз еңбегімен ақыларын алып жатыр.
РСК: Табиғатқа бейжай қарамайтын жастар қала бойынша 500 түп ағаш көшетін отырғызды. Бұл экологиялық науқан келер жылдары да жалғасын табады.
БОТАГӨЗ ТӨЛЕПБЕРДІ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ