ДИКТОР: Облыс орталығындаңы жастардың саны 200 мыңнан астам. Биыл жастар саясатын қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 630 миллион теңге шамасында қаражат бөлінді. 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді.

РКС: Биыл жастар саясаты бекітілген тұжырымдаманы орындау мақсатында 80-ге жуық бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Сол бағыттың бірі-жұмыспен қамту, жастардың білім алуына жәрдемдесу. Жұмыспен қамту орталықтары 8 мыңнан астам жасты еңбекпен қамтыды. Ал білімге келсек, биылғы оқу жылында жоғары оқу орнының студенттері үшін облыстық бюджеттен бакалавриатқа 160 және резидентураға 35 грант бөлінді.

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2023-2024 оқу жылына атаулы стипендия сомасы 125 миллион теңгені құрады. Шәкірт алушылар саны 243 ақмолалық. Жалпы осы жоба бойынша 2500 жас ақмолалық білім алып, облыстағы тапшы болып келетін кадрларды дайындалып, оқуды аяқталғанннан кейін жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Шығармашылық жобаларды іске асыру үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына+скл + 11 миллион теңге бөлінді.

РКС: Жастар саясаты туралы сөз қозғағанда волонтерлерді айтпау мүмкін емес. Өңірде 3 мыңнан астам волонтер бар. Қазірдің өзінде аймақта 89 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Волонтерлер өз қызметін білім, ұрпақтар сабақтастығы, асыл мұра, қамқор, таза әлем және үміт сияқты жобалар арқылы іске асыруда

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысында 3894 волонтердің ұйымдастыруымен 1110 іс-шара іске асырылды. Волонтерлердің бастамасымен облыс бойынша мұқтаж жандарға 19 миллион 425 мың теңгені құрайтын қаражат жиналды. Өткен жылы облыс волонтерлері 747 отбасыға азық-түлік жиынтығы және демеушілік көмек түрінде көмек көрсетті.

РКС: Жаңадан қосылған волонтерлерге лот шеңберінде 200 мың теңгеден 7 грант қарастырылған. Сондай-ақ, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2,5 миллион теңгеге «Ақмола облысында жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» лоты іске асырылуда.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ