ДИКТОР: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейіп, мәртебесін өсіру. Көкшетауда «Сөйле» speaking club-ы өз жұмысын бастады. Бұл клубтың ерекшелігі, сабақтар еркін форматта өтеді. Қатысушыларға қазақ тілі теория арқылы ғана емес, заманауи әдіс-тәсілдер арқылы үйретіледі. Қазақша әуендер тындалады, театрларда қойылымдар көрсетіледі.
РКС: Бұл курсқа қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеруге ниетті қала тұрғындары. Қазір оқытушы оларға күнделікті өмірде қолданылатын сөздер мен сөйлемдерді үйретіп жатыр. Қатысушылардың жасы да, қызметі де алуан түрлі. Ольга Кардаполова – кәсіпкер. Күнделікті жұмысында адамдармен көп сөйлеседі. Бизнестегі серіктестермен мемлекеттік тілде сөйлеп, жаңа деңгейге шығу үшін осы курсқа келген.
СНХ: ОЛЬГА КАРДАПОЛОВА, КУРСҚА ҚАТЫСУШЫ: Курс туралы инстаграмнан білдім. Оқытушы Аленаның қазақ тілінде сөйлегеніне қызықтым. Өте сауатты. Тілді бұрыннан меңгергім келді. Сондықтан осы курс туралы ести сала, жазылдым. Өсіп келе жатқан ұлым бар. Ол да мемлекеттік тілді білсін деген ниетім бар. Маған қарап, үлгі алар. Сабақ еркін, жайлы атмосферада өтіп жатыр.
РКС: Курсты Алена Малькова-Солопова өткізеді. Көкшетау құрылыс-техникалық колледжінде оқытушы болып еңбек етеді. Алғашқы кездесуде әр қатысушымен танысып, қарапайым сөздерді үйретеді. Қазірдің өзінде 30 шақты адам қатысуға ниет білдірген.
СНХ: АЛЕНА МАЛЬКОВА-СОЛОПОВА, «СӨЙЛЕ» SPEAKING CLUB-НЫҢ ТРЕНЕРІ: «Сөйле» үйірмесі АМАНАТ партиясының «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында өткізіледі. Еліміздің 12 аймағында тегін өтуде. Біз қатысушылармен бірге әр түрлі саяхаттар жасаймыз. Мен оларға түрлі тапсырмалар беремін, оны саябаққа шығып бірге орындаймыз. Сонымен қатар, бірге мұражай, концерттерге барамыз. Келушілердің саны артып келеді. Қатысушылардың арасында түрлі мамандықта жұмыс істейтін, түрлі ұлт өкілдері бар.
РКС: Курс аптасына – 2 рет, сейсенбі мен бейсенбі күндері өтеді. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін оқу жұмыстан кейін, яғни, кешкі сағат 7-де басталады. Айта кетейік, сабақтар тегін.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ