ДИКТОР: Көкшетауда жаңа су тазарту қондырғылары салынып жатыр. Оны келер жылдың аяғында іске қосу жоспарлануда. Бұл ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр.Тұрғындар сапалы ауыз суға зәру. Қала әкімі жоба іске асырыла бастағанын атап өтті. Оның құны 7 млрд. теңгеден асады. Облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінген.
РКС: Су тазарту құрылыстарын салу жобасынан басқа биыл тағы инвестициялық 13жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның құны 1 миллиард теңгеден асады. Бұл 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде құны 1 миллиард теңгеден асатын 2 жоба жүзеге асқан. Қала әкімі Бауыржан Ғайса жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті.
СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әшімов көшесінің бойындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль көпірінің орташа жөндеу жұмыстары басталды. 19 кабельдік желіні, 15 трансформаторлық қосалқы станцияны күрделі жөндеуді жоспарлап отырмыз. Трансформаторлық қосалқы станцияларда дабыл жүйесін жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы Сүлейменов, Осипенко, Әбілқасымов, Жүнісов, Калинин көшелеріндегі, Бірлік және Заставный шағын аудандарындағы көшелерді жарықтандыруды ағымдағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда.
РКС: Қалада тұрғындарды толғандыратын мәселе жетерлік. Соның бірі орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету. Кенжетаев көшесіндегі 1-ші үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері газ тарта алмай отыр. Қала әкімі Бауыржан Ғайса бұл мәселені бақылауға алып,оны іске асыруға атсалысуға дайын екенін жеткізді. Тек барлық жалға алушылардың келісімі ғана қажет.
СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Үйге дейін сіздер білесіздер газ тартуға барлығы дайын тұр. Газгольдерлерді бүгіннен бастап газбен толтыруға болады. Алайда тұрғындар бұл жұмыстарды өздері істемей отыр. Түсіністік танытпайды. Сондықтан біреу дайын болса басқа адамдар қаламайды.
РКС: Биыл кәсіпкерлердің қатары да біршама артқан. Олардың саны 20 мыңға дейін өсті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14 процентке артық. 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 800-ге жуық адам, оның ішінде 600 көкшетаулық тұрақты жұмысқа орналасты.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ